Автоматты өшіру функциясы
Динамик белгілі бір уақыт бойы келесі жағдайларға сай келсе, ол автоматты өшеді.
Динамик BLUETOOTH режимінде болғанда
- Динамикте ешбір әрекет орындалмайды.
- Динамик және смартфон немесе мобильді телефон арасында HFP/HSP арқылы ешбір BLUETOOTH байланысы орнатылмаған.
- Динамик BLUETOOTH құрылғысына қосылғанда ешбір музыка (дыбыс) ойнатылмады.
Динамик AUDIO IN режимінде болғанда
- Динамикте ешбір әрекет орындалмайды.
- AUDIO IN ұясына жалғанған аудио құрылғысында музыка (дыбыс) ойнатылмайды және AUDIO IN ұясына жалғанған аудио құрылғының музыкасы (дыбысы) тым кішкентай.
- Ешбір BLUETOOTH құрылғысы динамикке HFP/HSP арқылы жалғанбаған.


