Жеке дыбыс жүйесіSRS-X11

NFC үйлесімді құрылғыны бір рет түрту арқылы ажырату (NFC)

Динамикті смартфон немесе Walkman сияқты қосылған NFC үйлесімді құрылғыдан динамикті онымен түрту арқылы ажырата аласыз.

  1. Құрылғыны динамиктің N белгісі бар бөлігімен түртіңіз.

    Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде

    (BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамикті түртіңіз. (BLUETOOTH) индикаторы өшіп тұрған динамикті түртсеңіз, құрылғы ажыратылмайды.

Тұспал

  • Динамик құрылғыдан бір рет түрту арқылы ажыратылғаннан кейін белгілі бір уақыт бойы ешбір әрекет орындалмаса және дыбыс кірісі болмаса, динамик автоматты өшіру функциясы арқылы автоматты түрде өшеді.
  • Динамикті ажырата алмасаңыз, келесі әрекетті орындаңыз.
    • Құрылғыдағы бағдарламаны іске қосып, құрылғыны динамикті N белгісі бар бөлігінің үстімен ақырын жылжытыңыз.
    • Егер құрылғы қаптамада болса, қаптамасын шешіңіз.
    • Бағдарлама терезесінің құрылғыда көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз.