Жеке дыбыс жүйесіSRS-X11
Құрылғыларды (NFC) бір рет түрту арқылы ауыстыру
- Динамик басқа BLUETOOTH құрылғысымен байланысқан кезде NFC үйлесімді құрылғыны динамиктің N белгісі бар бөлігінің үстімен жылжытсаңыз, динамик BLUETOOTH құрылғысынан ажыратылып, соңғы түртілген NFC үйлесімді құрылғымен байланысады. Дегенмен, егер динамикке қосылған BLUETOOTH мобильді телефонымен сөйлесіп жатсаңыз, BLUETOOTH байланысын бір рет түрту арқылы ауыстыра алмайсыз.
- Динамикпен BLUETOOTH арқылы байланысқан NFC үйлесімді құрылғыны басқа NFC үйлесімді BLUETOOTH құлақаспабына немесе BLUETOOTH динамигіне тигізсеңіз, NFC үйлесімді құрылғы динамиктен ажырап, соңғы тигізілген BLUETOOTH құрылғысымен байланысады.
- Құрылғылар ауыспаса, келесі әрекетті орындаңыз.
- NFC үйлесімді құрылғыдағы бағдарламаны іске қосып, NFC үйлесімді құрылғысын динамиктің N белгісі бар бөлігінің үстімен ақырын жылжытыңыз.
- NFC үйлесімді құрылғы қаптамада болса, қаптамасын шешіңіз.
- Бағдарлама терезесінің NFC үйлесімді құрылғыда көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Тұспал
- Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде құрылғыны
(BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамиктің N белгісі бар бөлігінің үстімен жылжытыңыз.
(BLUETOOTH) индикаторы өшіп тұрған динамик ешқандай BLUETOOTH байланысын орната алмайды.