Жеке дыбыс жүйесіSRS-X11

Құрылғыдағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы тыңдау

Динамик BLUETOOTH профильдерін қолдайтын болса, онымен BLUETOOTH байланысы арқылы BLUETOOTH құрылғысындағы музыканы тыңдауға және ойнатуға болады.

  • A2DP (Кеңейтілген дыбыс тарату профилі)

    Жоғары сапалы дыбыс мазмұнын сымсыз тыңдауға мүмкіндік береді.

  • AVRCP (Дыбыс бейне қашықтан басқару құралы)

    BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейін реттеуге мүмкіндік береді.

Операциялар BLUETOOTH құрылғыға байланысты өзгешеленуі мүмкін. Сонымен қатар, BLUETOOTH құрылғысымен бірге келген жұмыс жасау нұсқауларын қараңыз.

  1. Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен қосыңыз.

    (BLUETOOTH) индикатор BLUETOOTH байланысы орнатылғанда ақ түсте жанады.

  2. BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастап, дыбысты орташа деңгейге қою үшін дыбыс деңгейін реттеңіз.
  3. Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамиктегі VOL (дыбыс деңгейі) /+ түймелерін басыңыз.

Тұспал

  • Динамик компьютерге/айнымалы ток розеткасына жалғанған болса, оның қолданылып жатқанына қарамастан, батарея зарядталады.
  • BLUETOOTH құрылғысына байланысты қосылған құрылғыдағы дыбыс деңгейін реттеп, дыбыс шығысын орнату қажет болуы мүмкін.

Ескерту

  • Егер байланыс күйі нашар болса, BLUETOOTH құрылғысы динамиктегі әрекеттерге кері әсер етуі мүмкін.
  • BLUETOOTH арқылы музыка тыңдап отырған кезде портативті аудио құрылғысын және т.б. құрылғыны динамиктің AUDIO IN ұясына жалғасаңыз, динамик AUDIO IN режиміне автоматты ауысады. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысының музыкасы шықпайды (BLUETOOTH байланысы белсенді болса, автоматты функция қолжетімді болады). Музыканы BLUETOOTH құрылғысынан қайта тыңдау үшін аудио кабелін динамиктің AUDIO IN ұясынан ажыратыңыз.