Жеке дыбыс жүйесіSRS-X11

Динамикке бау тағу

Берілген бауды динамикке тағу динамикті ұстап жүруді жеңілдетеді.

  1. Жіпті динамиктің бау тағылатын көзінен өткізіңіз.

  2. Баудың екінші басын жіптен өткізіп, қатты тартыңыз.

Ескерту

  • Динамикті баумен шайқамаңыз.
  • Бауды динамикке таққаннан кейін оны күшпен тартпаңыз.
  • Берілген бау тек динамикпен пайдалануға арналған. Бауды басқа құрылғылармен пайдалансаңыз, бау зақымдануы мүмкін.