Жеке дыбыс жүйесіSRS-X2

Құрылғыдағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы тыңдау

BLUETOOTH құрылғыңыздағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы келесі BLUETOOTH профильдерге қолдау көрсеткен жағдайда тыңдап, іске қоса аласыз.

  • A2DP (Кеңейтілген дыбыс тарату профилі)

    Жоғары сапалы дыбыс мазмұнын сымсыз тыңдауға мүмкіндік береді.

  • AVRCP (Дыбыс бейне қашықтан басқару құралы)

    BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейін реттеуге мүмкіндік береді.

Операциялар BLUETOOTH құрылғыға байланысты өзгешеленуі мүмкін. Сонымен қатар, BLUETOOTH құрылғысымен бірге келген жұмыс жасау нұсқауларын қараңыз.

  1. Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен қосыңыз.

    (BLUETOOTH) индикатор BLUETOOTH байланысы орнатылғанда ақ түсте жанады.

  2. BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастап, дыбыс деңгейін реттеңіз.

    BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейін орташа деңгейге реттеңіз.

  3. VOL (дыбыс деңгейі) –/+ түймелерін дыбыс деңгейін реттеу үшін басыңыз.

    VOL (дыбыс деңгейі) –/+ түймелерін басқанда (қуат) индикаторы бір рет жасыл түсте жанады.

Тұспал

  • Дыбыс деңгейін максималды немесе минималды деңгейге қойғанда (қуат) индикаторы үш рет жыпылықтайды.
  • Осы динамикті жоғары дыбыс деңгейінде пайдалану үшін оны айнымалы ток шығысына жалғаңыз. Сондай-ақ, CHARGE индикаторы жыпылықтамай тұрғанын тексеріңіз.
  • BLUETOOTH құрылғысына байланысты қосылған құрылғыдағы дыбыс деңгейін реттеп, дыбыс шығысын орнату қажет болуы мүмкін.

Ескерту

  • Егер байланыс күйі нашар болса, BLUETOOTH құрылғысы динамиктегі әрекеттерге кері әсер етуі мүмкін.
  • BLUETOOTH қосылымы арқылы музыка тыңдау кезінде шағын аудио құрылғыны т.б. динамик AUDIO IN ұясына жалғағанда динамик AUDIO IN режиміне автоматты түрде өзгереді. Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысының дыбысы шықпайды (BLUETOOTH қосылымы тоқтатылмайды). BLUETOOTH құрылғысындағы дыбысты қайта тыңдағанда шағын аудио құрылғыны т.б. динамик AUDIO IN ұясынан ажыратыңыз.