Жеке дыбыс жүйесіSRS-X2

BLUETOOTH сымсыз технология дегеніміз не?

BLUETOOTH сымсыз технология компьютер мен сандық камера сияқты сандық құрылғылар арасындағы сымсыз деректер байланысына мүмкіндік беретін қысқа ауқымды сымсыз технология. BLUETOOTH сымсыз технологиясы шамамен 10 м ауқымда жұмыс істдейі.

Екі құрылғыны қажетінше байланыстыру әдеттегі жағдай болып табылады, алайда кейбір құрылғыларды бірнеше құрылғыларға бір уақытта қосуға болады.

Құрылғыларды бір-біріне беттестіру қажет болмаған жағдайда, мысалы, инфрақызыл технологиясы кезінде, қосу үшін кабельді пайдалану қажет емес. Мысалы, мұндай құрылғыны сөмкеде немесе қалтада пайдалануға болады.

BLUETOOTH стандарты әлемдегі барлық мыңдаған компаниялар тарапынан және әлем бойынша түрлі компаниялар тарапынан пайдаланылатын халықаралық стандарт.

Максималды байланысу ауқымы

Максималды байланысу ауқымы келесі жағдайларда қысқаруы мүмкін.

  • Адам, металл не динамик пен BLUETOOTH құрылғы арасындағы тосқауыл сияқты кедергі болуы мүмкін.
  • Сымсыз LAN құрылғысы динамик жанында пайдаланылады.
  • Микротолқынды пеш динамик жанында пайдаланылады.
  • Электрмагнитті радиация жіберетін құрылғы динамик жанында пайдаланылады.

Басқа құрылғылардан келетін кедергі

BLUETOOTH құрылғылар мен сымсыз LAN (IEEE802.11b/g) бірдей жиілікті пайдаланатындықтан, микротолқынды кедергі орын алып, байланыс жылдамдығының нашарлауына, шудың пайда болуына немесе динамик сымсыз LAN құрылғысы жанында пайдаланылған жағдайда жарамсыз байланысқа әкеліп соғуы мүмкін. Осындай жағдайда келесі әрекетті орындаңыз.

  • Динамикті сымсыз LAN құрылғысынан кемінде 10 м қашықтықта пайдаланыңыз.
  • Егер динамик сымсыз LAN құрылғысынан 10 м қашықтықта пайдаланылса, сымсыз LAN құрылғысын өшіріңіз.

Басқа құрылғыларға әсер ететін кедергі

BLUETOOTH құрылғыдан шығатын микротолқындар электронды медициналық құрылғылардың жұмыс жасауына кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқыс жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін болғандықтан келесі орындардағы динамик пен BLUETOOTH құрылғыларды өшіріңіз.

  • жанғыш газ бар жерде, ауруханада, пойызда, ұшақта немесе газ станциясында
  • автоматты есіктер немесе өрт дабылы жанында

Ескерту

  • BLUETOOTH функциясын пайдалана алу үшін қосылатын BLUETOOTH құрылғы жүйе профилімен бірдей профильді талап етеді.
  • Сонымен қатар, кейбір профильдер болғанымен де, құрылғылар сипаттамаларына байланысты атқаратын қызметіне қарай өзгешеленеді.
  • BLUETOOTH сымсыз технология сипатына байланысты динамикте ойнатылатын дыбыс телефонмен сөйлесу не музыка тыңдау кезіндегі BLUETOOTH құрылғыда ойнатылатын дыбыстан баяу.
  • Бұл динамик BLUETOOTH стандартына сай келетін қауіпсіздік мүмкіндіктерін BLUETOOTH сымсыз технология пайдаланылғанда қауіпсіз байланыс орнатуды қаматамасыз етуі мүмкін, алайда қауіпсіздік техникасы параметріне байланысты жеткіліксіз болуы мүмкін. BLUETOOTH сымсыз технология арқылы байланысу кезінде абай болыңыз.
  • BLUETOOTH байланысуы кезінде ақпараттың тарап кетуіне жауап бермейміз.
  • BLUETOOTH функциясын өзгешелейтін құрылғы BLUETOOTH стандартын Bluetooth SIG арқылы көрсетілгенін және куәландыратынын сәйкестеу үшін қажет. Тіпті қосылған құрылғы жоғарыда айтылған BLUETOOTH стандартқа сай болса да, кейбір құрылғылар өзінің мүмкіндіктері немесе сипаттамаларына байланысты қосылмауы не дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
  • Динамикпен, байланыс ортасымен не қолданыс ортасымен қосылған BLUETOOTH құрылғыға байланысты шу мен дыбыс үзілістері орын алуы мүмкін.