Динамик арқылы не істеуге болады
- One touch байланыс (NFC)
- BLUETOOTH нұсқ. 3.0
- Үйлесімді BLUETOOTH профилі*1: A2DP, AVRCP, HFP, HSP
- Динамикті смартфонмен BLUETOOTH арқылы қосу арқылы кіріктірілген микрофон мен динамикті пайдалана отырып автоматты түрде сөйлесе аласыз.
- «Шуды басу» және «Эхо-сигналдарын басу» мүмкіндігі жоғары сапалы телефон қоңырауларына мүмкіндік береді.
Шуды басу: Қоңырау шалушы даусыңызды аздаған шумен есту үшін динамиктен шығатын шу басылады.
Эхо-сигналдарын басу: Динамик микрофонынан шығатын динамик дыбысын азайту арқылы қоңырау шалушының телефоны арқылы пайда болған эхо-сигналдары басылады.
- Кіріктірілген литий-иондық қайта зарядталатын батареямен сымсыз музыка ойнатуын 10 сағатқа*2 дейін үздіксіз тыңдай аласыз.
- BLUETOOTH күту режимі функциясы
- Сыртқы кіріс ұясы: AUDIO IN
- Динамикті берілген айнымалы ток адаптерін қосу арқылы зарядтау
- Смартфон сияқты USB құрылғысын динамиктің DC OUT ONLY портына (USB) USB кабелімен жалғау арқылы зарядтауға болады.
*1BLUETOOTH стандарты профильдері құрылғылардың арасындағы BLUETOOTH байланыс мақсатын көрсетеді.
*2Батарея жарамдылығы ора температурасына немесе пайдалану жағдайларына байланысты өзгеше болуы мүмкін. Батарея жарамдылығын есептеу әдісі 2015 жылдан бастап өзгерді.


