Құрылғыдағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы тыңдау
Динамик BLUETOOTH профильдерін қолдайтын болса, онымен BLUETOOTH байланысы арқылы BLUETOOTH құрылғысындағы музыканы тыңдауға және ойнатуға болады.
- A2DP (Кеңейтілген дыбыс тарату профилі)
Жоғары сапалы дыбыс мазмұнын сымсыз тыңдауға мүмкіндік береді.
- AVRCP (Дыбыс бейне қашықтан басқару құралы)
BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейін реттеуге мүмкіндік береді.
Операциялар BLUETOOTH құрылғыға байланысты өзгешеленуі мүмкін. Сонымен қатар, BLUETOOTH құрылғысымен бірге келген жұмыс жасау нұсқауларын қараңыз.
Ескерту
- Кенет динамиктен дыбыс қатты шығып кетпеуі үшін, алдымен, BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейі орташа деңгейге қойылғанына көз жеткізіңіз.
- Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен қосыңыз.
(BLUETOOTH) индикатор BLUETOOTH байланысы орнатылғанда ақ түсте жанады.
- BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастаңыз.
-
Динамиктегі VOL (дыбыс деңгейі) –/+ түймелерін түрту немесе BLUETOOTH құрылғысын пайдалану арқылы дыбыс деңгейін реттеңіз.
Динамиктегі VOL (дыбыс деңгейі) –/+ түймелерін түрткен кезде немесе BLUETOOTH құрылғысындағы дыбыс деңгейін реттеген кезде
(қуат) индикаторы жасыл түсте бір рет жанады.
Тұспал
- BLUETOOTH құрылғысына байланысты қосылған құрылғыдағы дыбыс деңгейін реттеп, дыбыс шығысын орнату қажет болуы мүмкін.
-
Дыбыс деңгейін максималды немесе минималды деңгейге қойғанда
(қуат) индикаторы үш рет жыпылықтайды.
- BLUETOOTH құрылғысына байланысты динамиктің дыбыс деңгейін қосылған құрылғымен реттелмеуі мүмкін.
Ескерту
- Егер байланыс күйі нашар болса, BLUETOOTH құрылғысы динамиктегі әрекеттерге кері әсер етуі мүмкін.


