Динамиктің сымсыз ойнату сапасын таңдау
«Дыбыс сапасы артықшылығы» және «тұрақты байланыс артықшылығы» режимдері динамиктің сымсыз ойнату сапасын таңдауға арналған опциялар ретінде қолжетімді болады. «Дыбыс сапасы артықшылығы» SBC қана емес, AAC және LDAC ойнатуға мүмкіндік береді, «Тұрақты байланыс артықшылығы» тұрақтырақ сымсыз ойнату мүмкіндігін беретіндіктен, BLUETOOTH арқылы жоғары деңгейлі дыбыс сапасымен рахаттануға болады. «Дыбыс сапасы артықшылығы» әдепкі параметр болып табылады.
Қолдау көрсетілетін кодектер
- Дыбыс сапасы артықшылығы: AAC немесе LDAC, SBC (Әдепкі параметр)
- Тұрақты байланыс артықшылығы: SBC
-
Динамикті айнымалы ток көзіне айнымалы ток адаптері (берілген) арқылы қосыңыз.
Ескерту
- Динамикті қоспаңыз.
- VOL (дыбыс деңгейі) + түймесін басып тұрған кезде
(BLUETOOTH) индикаторы ақ түсте жыпылықтағанға дейін
(қуат) түймесін басыңыз.
Параметр «Тұрақты байланыс артықшылығы» режиміне өзгертілсе,
(BLUETOOTH) индикаторы үш рет ақ түспен жыпылықтайды.Параметр «Дыбыс сапасы артықшылығы» режиміне өзгертілсе,
(BLUETOOTH) индикаторы екі рет ақ түсте жыпылықтайды.
Ескерту
- «Дыбыс сапасы артықшылығы» режиміндегі байланыс BLUETOOTH құрылғыңыз бен қоршаған орта жағдайларына байланысты тұрақсыз болуы мүмкін. Осы жағдайда, динамикті «Тұрақты байланыс артықшылығы» режиміне жоғарыдағы 1 және 2 қадамдарын орындау арқылы өзгертіңіз.


