Жеке дыбыс жүйесіSRS-X77

Құрылғыдағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы тыңдау

BLUETOOTH құрылғыңыздағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы келесі BLUETOOTH профильдерге қолдау көрсеткен жағдайда тыңдап, іске қоса аласыз.

  • A2DP (Кеңейтілген дыбыс тарату профилі)

    Жоғары сапалы дыбыс мазмұнын сымсыз тыңдауға мүмкіндік береді.

  • AVRCP (Дыбысты және бейнені қашықтан басқару профилі)

    BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейін реттеуге мүмкіндік береді.

BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейі BLUETOOTH құрылғыға байланысты реттелмеуі мүмкін. Сонымен қатар, BLUETOOTH құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

Ескерту

  • Кенет динамиктен дыбыс қатты шығып кетпеуі үшін, алдымен, BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейі орташа деңгейге қойылғанына көз жеткізіңіз.
  1. Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен қосыңыз.

    (BLUETOOTH) индикаторы BLUETOOTH байланысы орнатылғанда ақ түспен жанады.

  2. Дыбыс деңгейін BLUETOOTH құрылғысымен немесе VOL (дыбыс деңгейі) –/+ динамик түймесімен реттеңіз.

    VOL (дыбыс деңгейі) –/+ түймесін түрткенде (қосу/күту режимі) индикаторы дыбыс деңгейінің реттелуіне байланысты бір немесе үш рет жыпылықтайды.

  3. BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастаңыз.

Тұспал

  • SongPal смартфоныңызға/iPhone құрылғысына жүктеліп, орнатылғаннан кейін оны динамиктің дыбыс деңгейін реттеу үшін қашықтан басқару құрылғысы ретінде пайдалана аласыз.
  • SongPal құрылғысында BLUETOOTH байланысы арқылы музыканы ойнату функциясы жоқ. Музыканы смартфон, компьютер, т.б. сияқты BLUETOOTH құрылғыңызбен ойнатыңыз.
  • BLUETOOTH құрылғысына байланысты қосылған құрылғыдағы дыбыс деңгейін реттеп, дыбыс шығысын орнату қажет болуы мүмкін.

Ескерту

  • BLUETOOTH құрылғыда ойнатуды тоқтатып, құрылғының дыбыс деңгейін алдын ала азайтыңыз. Әйтпесе, BLUETOOTH байланысы жасалағаннан кейін музыка алғаш рет ойнатылғанда динамиктен қатты дыбыс шығуы мүмкін.
  • Егер байланыс күйі нашар болса, BLUETOOTH құрылғысы динамиктегі әрекетке кері әсер етуі мүмкін.