Жеке дыбыс жүйесіSRS-X77

BLUETOOTH/Желі күту режимі функциясын пайдалану

Егер BLUETOOTH/желі күту режимі функциясы қосулы болса, динамик BLUETOOTH құрылғысын не желі құрылғысын пайдалану арқылы автоматты түрде қосылады және BLUETOOTH не желі байланысы іске қосылады.

BLUETOOTH/желі күту режимінің функциясы динамик айнымалы ток розеткасына айнымалы ток адаптері арқылы қосылғанда ғана орнатылады.

BLUETOOTH/Желі күту режиміндегі динамикті қосқанда, бастау уақыты қысқарақ болады және динамик оны күту режимінде қосқан уақытқа қарағанда жақын арада пайдалануға жарамды болады.

  1. Динамикті АС розеткасына қосыңыз.
  2. Динамикті іске қосыңыз.

    (қосу/күту режимі) индикаторы жасыл түспен жанады.

  3. (қосу/күту режимі) түймесін (қосу/күту режимі) индикаторы қызғылт сары түспен жанғанша басып тұрыңыз.

    Динамик өшіріледі және BLUETOOTH/желі күту режиміне өтеді.

    Егер BLUETOOTH құрылғысын не желі құрылғысын пайдалансаңыз, динамик автоматты түрде қосылады және байланыс іске қосылады.

BLUETOOTH/Желі күту режимі функциясын өшіру үшін

Қосулы тұрған динамикпен (қосу/күту режимі) түймесін басып тұрыңыз.

(қосу/күту режимі) индикаторы өшірілгенде BLUETOOTH/желі күту режимі функциясы өшіріледі және динамик күту режиміне өтеді.

Ескерту

  • BLUETOOTH/желі күту режимінің функциясы динамик айнымалы ток розеткасына айнымалы ток адаптері арқылы қосылғанда ғана орнатылады. Динамик тек кіріктірілген батарея арқылы ғана зарядталатын болса, BLUETOOTH/желі күту режимінің функциясы қол жетімсіз болады.