Динамик компьютердің музыканы ойнату бағдарламасының құрылғылар тізімінде пайда болмайды.
- Компьютерге алдын ала орнатылған кейбір бағдарлама динамикті аудио шығару құрылғысы ретінде таңдай алмайды. Windows Media Player (Windows Vista қоспағанда) немесе iTunes, т.б. сияқты аудио шығару құрылғысы ретінде динамикті таңдай алатын бағдарламаны пайдаланыңыз.
- Желі байланысын тексеріңіз.
- Динамик пен компьютердің роутердің бірдей SSID қосылғанын тексеріңіз.
- Динамиктің іске қосылғанын тексеріңіз.
- Егер компьютеріңіз брандмауэрді пайдаланатын болса, ол динамиктің тізімде пайда болуына кедергі жасауы мүмкін.
Осы жағдайда брандмауэрді өшіріңіз. Толық мәлімет алу үшін брандмауэр бағдарламасының пайдалану нұсқауларын немесе көмекші нұсқаулығын қараңыз.