Сымды желі қосылымы әдісін таңдау
Динамикті сымсыз роутерге сатылатын LAN кабелімен қосыңыз да, роутерді компьютерге қосыңыз.
Толық мәлімет алу үшін «Сымды желіге қосылу» мақаласын қараңыз.
Сымсыз функцияны өшіру үшін
Сымсыз функцияны өшіруіңізге болады. Қосулы тұрған динамикпен NETWORK түймесін және WPS түймесін басып тұрыңыз. (BLUETOOTH) индикаторы мен NETWORK индикаторы бір уақытта жана бастағанда сымсыз функция өшеді. Сымсыз функцияны қосу үшін жоғарыдағы әрекетті қайталаңыз.
Ескерту
- Егер сымсыз функцияны өшірсеңіз, Wi-Fi желісі, BLUETOOTH және NFC функциялары қол жетімді болмайды.