SongPal арқылы не істеуге болады
SongPal – SongPal үйлесімді Sony аудио құрылғыларын смартфоныңыз/iPhone арқылы бақылауға арналған бағдарлама.
Google Play немесе App store орнынан SongPal іздеңіз және оны смартфоныңызға/iPhone жүктеңіз.
SongPal туралы толық мәлімет алу үшін келесі URL мекенжайына өтіңіз:
http://info.songpal.sony.net/help/
SongPal смартфоныңызға/iPhone жүктеу келесіні ұсынады.
Динамиктің дыбыс параметрлері
Дыбысты оңай реттеуге немесе Sony ұсынатын «ClearAudio+» параметрін пайдалануға болады.
Музыка қызметі
Музыка қызметтерін* пайдалану үшін бастапқы параметрлерді конфигурациялай аласыз.
Музыка қызметін пайдалану үшін үшінші тарап бағдарламасы талап етіледі.
*Еліңізге не аймағыңызға байланысты музыка қызметтері мен олардың қол жетімділік уақыты өзгешеленуі мүмкін. Белгілі бір қызметтер үшін бөлек тіркеу қажет етіледі. Құрылғыны жаңарту талап етілуі мүмкін. Үшінші тарап ұсынатын қызметтер өзгертілуі, уақытша тоқтатылуы немесе алдын ала ескертусіз тоқтатылуы мүмкін. Sony осындай жағдайлар үшін ешбір жауапкершілік артпайды.
Үй желісіндегі құрылғыларды бақылау
Желіңіз арқылы компьютеріңізде не үй желісіндегі серверде сақталған музыканы ойната аласыз.
Ескерту
- SongPal арқылы бақылауға болатын элементтер қосылған құрылғыға байланысты өзгешеленеді. Бағдарламаның сипаты мен дизайны ескертусіз өзгеруі мүмкін.