DLNA (Сандық қажетті желі байланысы)
Үй желісіндегі DLNA серверде (компьютер, т.б.) сақталған музыканы динамикті пайдалану арқылы тыңдауға болады.
DLNA-үйлесімді сандық құрылғыларды желіде бір бірімен қосу арқылы DLNA серверінде сақталған музыканы DLNA контроллері арқылы ойната аласыз.
Компьютерді DLNA сервері не контроллер ретінде пайдалану үшін компьютерді орнату қажет.
DLNA серверіндегі (компьютер, т.б.) музыканы смартфон/iPhone арқылы тыңдау үшін
SongPal смартфоныңызға/iPhone жүктеңіз.
Бұл бағдарлама динамикпен Wi-Fi байланысын орнатады және компьютерде музыка таңдауға/ойнатуға мүмкіндік береді.
Толық мәлімет алу үшін «Wi-Fi желісіне SongPal (Смартфон)/(iPhone) арқылы қосылу», «Компьютердегі музыканы Wi-Fi желісі арқылы тыңдау» не «Компьютердегі музыканы желі арқылы (SongPal бар Media Go әрекеті) тыңдау» бөлімін қараңыз.
DLNA серверіндегі музыканы компьютерді контроллер ретінде пайдалану арқылы тыңдау үшін
DLNA серверінде сақталған музыканы компьютеріңізді пайдалану арқылы тыңдай аласыз.
Компьютеріңізде Windows Media Player іске қосыңыз да, музыканы [Play To] функциясы (Windows 8) немесе [Play To] функциясы (Windows 7) арқылы ойнатыңыз. Пайдалану үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерді DLNA сервері не контроллер ретінде пайдалану үшін компьютерді орнату қажет.
Толық мәліметтер алу үшін «Компьютеріңізді DLNA сервері және контроллері (Windows 8)/(Windows 7) ретінде орнату», «Компьютердегі музыканы желі арқылы (Windows Media Player) (Windows 8)/(Windows 7) тыңдау» немесе «Музыканы компьютерде желі арқылы тыңдау (Media Go)» бөлімін қараңыз.
Тұспал
- Динамикпен Windows Vista компьютерінде сақталған музыканы тыңдау үшін DLNA контроллерін қосуыңыз қажет.
Толық мәлімет алу үшін компьютердің пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Ескерту
- Динамик MP3, Linear PCM, WMA, AAC, WAV, FLAC, ALAC және AIFF пішімді файлдарды (тек «.m4a», «.mp4» не «.3gp» кеңейтімі бар AAC файлдарды ойнатуға болады) ойната алады. Егер битті беру жылдамдығы мен файл пішімін қолдаса да, барлық файлдардың ойнатылуына кепілдік берілмейді.
- DRM (Цирфлық құқықтарын басқару) авторлық құқық қорғанысы бар файлдарды динамикте ойнату мүмкін емес. WMA файлы DRM арқылы қорғалған кезде тексеру үшін компьютердегі файлды тінтуірдің оң жағымен басыңыз. Егер [License] қойындысы болса, файл DRM-авторлық құқықпен қорғалған.
- Музыканы үй желісі арқылы тыңдағанда әрбір DLNA-үйлесімді құрылғы ағымда пайдаланылып жатқан компонентті тану үшін бірнеше уақытты талап етеді.
- Кейбір DLNA куәландырылған өнімдердің мазмұнын ойнату мүмкін болмауы мүмкін.