Жеке дыбыс жүйесіSRS-X77

3-жаңарту әдісі: USB флэш-жады арқылы қолмен жаңарту

Динамик Интернетке қосылмағанда бағдарламалық құралды жаңарту үшін USB флэш-жадын пайдалануға болады. Төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Динамикті айнымалы ток розеткасына айнымалы ток адаптері арқылы қосыңыз.
  2. Динамиктің артқы жағындағы NETWORK OFF/ON қосқышын ON параметріне орнатыңыз.
  3. Қандай да бір ойнап жатқан музыканы тоқтатыңыз.
  4. Жаңарту файлын төмендегі веб-сайттан жүктеп, оны USB флэш-жадына сақтаңыз.

    Еуропадағы тұтынушылар үшін:

    http://www.sony.eu/support

    АҚШ тұтынушылары үшін:

    http://esupport.sony.com/US

    Канада тұтынушылары үшін:

    http://esupport.sony.com/CA/

    Басқа елдердегі/аймақтардағы тұтынушылар үшін:

    http://www.sony-asia.com/section/support

  5. AUDIO IN түймесін және VOL (дыбыс деңгейі) түймесін дыбыс сигналы естілгенше түртіп тұрыңыз.

    UPDATE түймесі жанады.

    UPDATE түймесі жанып тұрса да, жоғарыдағы процедураны дыбыс сигналы естілгенше орындаңыз. (Егер динамик Интернетке қосылса, UPDATE түймесі жануы мүмкін. Мұндай жағдайда UPDATE түймесі жанып тұрады және өзгермейді.)

  6. UPDATE түймесі жанып тұрғанда 4-қадамда дайындалған USB флэш-жадын динамиктің артқы жағындағы DC OUT ONLY портына (USB) қосыңыз.

    Жаңарту басталғанда UPDATE түймесі қызғылт сары түспен жыпылықтайды. Жаңарту барысында динамикті пайдалану мүмкін емес.

    UPDATE түймесі өшеді және динамик жаңарту аяқталғанда күту режиміне не BLUETOOTH/Желі күту режиміне автоматты түрде өтеді.

    Жаңартқаннан кейін динамикті бірінші рет қосқанда UPDATE түймесі үш рет жанады.

Тұспал

  • UPDATE түймесінің жыпылықтау саны жаңарту прогресіне байланысты өзгереді. UPDATE түймесі алғашында төрт рет жыпылықтайды және бір жыпылықтауға азайып отырады, содан соң жаңарту аяқталғанда өшеді. Жаңарту кезінде динамикті өшірмеңіз.

Ескерту

  • USB флэш-жады арқылы жаңартқанда жаңартуды тоқтату мүмкін емес. Егер жаңарту барысында USB флэш-жады алынса немесе динамик ажыратылса, динамик дұрыс жұмыс істемейді.
  • Әдетте, жаңарту 3-10 минут уақытқа созылады.
  • Жаңарту барысында динамикті пайдаланбаңыз. Сондай-ақ, жаңарту барысында динамикті айнымалы ток адаптері арқылы айнымалы ток розеткасына және желіге қосулы ұстаңыз. Динамик тек бекітілген батарея арқылы ғана қуат алып тұрса, жаңарту орындалмайды.
  • Егер USB флэш-жады DC OUT ONLY портына (USB) қосылса да, динамик USB флэш-жадындағы музыка файлдарын ойната алмайды.
  • Бағдарламаны жаңарту динамик АС розеткасына айнымалы ток адаптері арқылы қосылғанда ғана белсенді болады.
  • Бағдарламалық құрал NETWORK OFF/ON параметрі ON күйіне ауысқанда ғана іске қосылады.