Компьютерді қосу/жетекті орнату
Компьютерді USB B портына (
B) сатылатын USB кабелімен қоса аласыз.
Жоғары ажыратымдылықты аудио пішімді файлдарын ойнату
Динамик жоғары ажыратымдылықты аудио пішімімен (192 кГц/24 бит) үйлесімді.
Жоғары ажыратымдылықты аудио пішімді файлдарды компьютеріңізде динамикпен ойнату үшін «Media Go» және «Hi-Res Audio Player» компьютеріңізге жүктеп, орнатуыңыз қажет.
- Компьютерді USB B портына (
B) сатылатын USB кабелімен қосыңыз.
Windows компьютеріне қосқанда жетек автоматты түрде орнатылады. Егер ол автоматты түрде орнатылмаса, келесі веб-сайттардың біріне өтіңіз және жетекті жүктеп, орнатыңыз.
Еуропадағы тұтынушылар үшін:
АҚШ тұтынушылары үшін:
Канада тұтынушылары үшін:
Басқа елдердегі/аймақтардағы тұтынушылар үшін:
http://www.sony-asia.com/section/support
Орнату туралы толық мәлімет алу үшін жүктеу веб-беттеріне өтіңіз.

Ескерту
- Sony USB хабы немесе USB кеңейтім кабелі пайдаланылғанда дұрыс операцияға кепілдік бермейді.
- Пайдалану кезінде компьютерді өшірмеңіз. Деректердің зақымдалуының алдын алу үшін ойнатуды тоқтатыңыз да, компьютерді өшірмес бұрын динамик қуатын өшіріңіз.


