Жеке дыбыс жүйесіSRS-X88

3-жаңарту әдісі: USB флэш-жады арқылы қолмен жаңарту

Динамик Интернетке қосылмағанда бағдарламалық құралды жаңарту үшін USB флэш-жадын пайдалануға болады. Төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Қандай да бір ойнап жатқан музыканы тоқтатыңыз.
  2. Жаңарту файлын төмендегі веб-сайттан жүктеп, оны USB флэш-жадына сақтаңыз.

    Еуропадағы тұтынушылар үшін:

    http://www.sony.eu/support

    АҚШ тұтынушылары үшін:

    http://esupport.sony.com/US

    Канада тұтынушылары үшін:

    http://esupport.sony.com/CA/

    Басқа елдердегі/аймақтардағы тұтынушылар үшін:

    http://www.sony-asia.com/section/support

  3. AUDIO IN түймесін және VOL (дыбыс деңгейі) түймесін дыбыс сигналы естілгенше түртіп тұрыңыз.

    UPDATE түймесі жанады.

    UPDATE түймесі жанып тұрса да, жоғарыдағы процедураны дыбыс сигналы естілгенше орындаңыз. (Егер динамик Интернетке қосылса, UPDATE түймесі жануы мүмкін. Мұндай жағдайда UPDATE түймесі жанып тұрады және өзгермейді.)

  4. UPDATE түймесі жанып тұрғанда 2-қадамда дайындалған USB флэш-жадын динамиктің артқы жағындағы USB A портына (A) қосыңыз.

    Жаңарту басталғанда UPDATE түймесі қызғылт сары түспен жыпылықтайды. Жаңарту барысында динамикті пайдалану мүмкін емес.

    UPDATE түймесі өшеді және динамик жаңарту аяқталғанда күту режиміне не BLUETOOTH/Желі күту режиміне автоматты түрде өтеді.

    Жаңартқаннан кейін динамикті бірінші рет қосқанда UPDATE түймесі үш рет жыпылықтайды.

Тұспал

  • UPDATE түймесінің жыпылықтау саны жаңарту прогресіне байланысты өзгереді. UPDATE түймесі алғашында төрт рет жыпылықтайды және бір жыпылықтауға азайып отырады, содан соң жаңарту аяқталғанда өшеді. Жаңарту кезінде динамикті өшірмеңіз.

Ескерту

  • USB флэш-жады арқылы жаңартқанда жаңартуды тоқтату мүмкін емес. Егер жаңарту барысында USB флэш-жады алынса немесе динамик ажыратылса, динамик дұрыс жұмыс істемейді.
  • Әдетте, жаңарту 3-10 минут уақытқа созылады.
  • Жаңарту барысында динамикті немесе қашықтан басқару құрылғысын пайдаланбаңыз. Сондай-ақ, жаңарту барысында динамикті қуат көзіне және желіге қосулы ұстаңыз.