СОҢҒЫ ПАЙДАЛАНУШЫМЕН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ

Соңғы рет жаңартылды: 07.2022

МАҢЫЗДЫ:

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН, СОҢҒЫ ПАЙДАЛАНУШЫМЕН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДІ («СПЛК») МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ҚОЛДАНСАҢЫЗ, СІЗ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ШАРТТАРЫН ҚАБЫЛДАҒАН БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕСІЗ. ОСЫ СПЛК ШАРТТАРЫН ҚАБЫЛДАМАСАҢЫЗ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ПАЙДАЛАНА АЛМАЙСЫЗ.


Осы СПЛК сіз бен Sony Corporation («SONY») арасындағы заңды келісім болып табылады. Осы СПЛК SONY компаниясы және/немесе оның үшінші тараптық лицензиарлары (SONY филиалдарын қоса алғанда) және олардың тиісті филиалдары (барлығы бірге «ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ» деп аталатын болады) ұсынатын SONY бағдарламалық жасақтамасына, сондай-ақ кез келген жаңартуға/жетілдіруге, осындай бағдарламалық жасақтамаға арналған кез келген баспа, онлайн немесе басқа электрондық құжаттамаға және SONY компаниясы немесе ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ беретін немесе аталмыш бағдарламалық жасақтаманың (барлығы бірге «БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА» деп аталатын болады) жұмысының нәтижесінде құрылатын кез келген дерек файлына қатысты сіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді тәртіптейді.


Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, соңғы пайдаланушымен бөлек лицензиялық келісім жасау арқылы алынған БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА құрамындағы кез келген бағдарламалық жасақтамаға (GNU General Public license (GNU жалпыға қолжетімді лицензиясын) және Lesser/Library General Public License (Lesser/Library жалпыға қолжетімді лицензиясын) қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелмейді) осы СПЛК шарттарының орнына соңғы пайдаланушымен жасалған бөлек лицензиялық келісімнің шарттары қолданылады, бірақ мұндай қолданыс аталмыш бөлек келісімде көрсетілген талаптар ауқымында жүзеге асырылады (олар «ЕРЕКШЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР» деп аталатын болады).

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА ЛИЦЕНЗИЯСЫ

Бұл БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА лицензияланады, бірақ сатылмайды. Бұл БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА авторлық құқықпен және зияткерлік меншік туралы басқа да заңдармен, сондай-ақ халықаралық келісімдермен қорғалған.

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА қатысты барлық құқықтар мен атаулар (соның ішінде кез-келген сурет, фотосурет, анимация, бейне, аудио, музыка, мәтін және «бағдарламашықтар» және БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА кірістірілген басқа мазмұн) SONY компаниясына немесе бір не бірнеше ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІЛЕРІНЕ тиесілі.

ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ

SONY сізге БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ тек сіздің үйлесімді құрылғыңызға (БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА енгізілген немесе онымен байланыстырылған SONY өнімдерін қоса, бірақ олармен шектелмейді) (әрі қарай – «ҚҰРЫЛҒЫ») ғана қатысты пайдаланылатын, шектелетін, ерекше емес, жеке сізге арналған, басқаларға берілмейтін, тек осы СПЛК-ге және сізге SONY немесе ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ беретін пайдалану нұсқауларына сәйкес қолданылатын лицензияны береді. SONY және ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ осы БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА қатысты, осы СПЛК арқылы сізге нақты түрде берілмеген барлық құқықтарды, атақтарды және мүдделерді (барлық зияткерлік меншік құқықтарын қоса айтқанда және олармен ғана шектелмейді) өздерінде қалдырады.

ТАЛАПТАР МЕН ШЕКТЕУЛЕР

Сізде бұл БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ толығымен немесе ішінара көшіру, жариялау, бейімдеу, тарату, бастапқы кодты алу, өзгерту, қайта жобалау, декомпиляциялау немесе бөлшектеу құқығы немесе БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА негізделген туынды жұмыстарды жасау (мұндай туынды жұмыстардың жасалуына осы БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА әдейі ықпал еткен жағдайларды қоспағанда) құқығы жоқ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ сандық құқықтарын басқару функцияларын өзгертуге немесе араласуға құқығыңыз жоқ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ кез келген функциясын немесе қорғау құралын немесе БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАМЕН функциялық тұрғыда байланысты кез келген механизмді айналып өтуге, өзгертуге, бұзуға немесе айлакерлік етуге тыйым салынады. Егер SONY компаниясының арнайы рұқсаты болмаса, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ жеке компоненттерін бірнеше құрылғыда пайдалану мақсатында бөлуге құқығыңыз жоқ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАДАҒЫ кез-келген сауда белгісін немесе хабарландыруды жоюға, өзгертуге, жасыруға немесе бүлдіруге құқығыңыз жоқ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ бөлісуге, таратуға, жалға беруге, жалға алуға, сублицензиялауға, басқа тұлғаға тапсыруға, беруге немесе сатуға құқығыңыз жоқ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ SONY компаниясының, ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІЛЕРІНІҢ әрбірінің немесе кез келген басқа үшінші тарап жеткізушісінің заңдарын, ережелерін, сот шешімдерін немесе мемлекеттік органдардың басқа да заңдық тұрғыдағы міндеттеу өкімдерін орындамау үшін немесе мемлекеттік саясатты бұзу немесе құқықтарды немесе заңмен қорғалатын мүдделерді (зияткерлік және өзге де меншік құқықтарын, коммерциялық құпияны, ар-намыс құқығын, құпиялылық және жариялылық құқықтарын қоса алғанда, бірақ осылармен шектелмейді) бұзуға қатысы бар мақсаттарда пайдалана алмайсыз. Осы БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ жұмыс істеуі үшін қажет бағдарламалық жасақтамалар, желілік қызметтер немесе осы БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАДАН басқа өнімдер әрбірінің тиісті иелерінің (басқа бағдарламалық жасақтама жеткізушілерінің, қызмет жеткізушілерінің немесе SONY корпорациясының) қалауы бойынша өзгертілуі, кідіртілуі немесе тоқтатылуы мүмкін. SONY және мұндай жеткізушілер БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ, желілік қызметтердің, мазмұнның немесе басқа өнімдердің қолжетімді болуына немесе үзіліссіз немесе өзгеріссіз жұмыс істейтініне кепілдік бермейді.

ЕРЕКШЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА ЖӘНЕ АШЫҚ КӨЗДІ КОМПОНЕНТТЕР

Жоғарыда көрсетілген шектеулі лицензия берілсе де, оған қарамастан сіз осы БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАДА қосымша ЕРЕКШЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАР болуы мүмкін екенін мойындайсыз. Кейбір ЕРЕКШЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАРҒА ашық көзді бағдарламалық жасақтама лицензиялары («Ашық көзді компоненттер») қолданылуы мүмкін. Бұл дегеніміз, ашық көзді лицензия ретінде мақұлданған кез-келген бағдарламалық жасақтама лицензиясы немесе кез-келген осыған ұқсас лицензия (бұлармен ғана шектелмейді) бойынша, дистрибьютордан бағдарламалық жасақтаманы ашық көзді форматында қолжетімді ету талап етіледі. Егер ақпаратты ашу қажет болса, oss.sony.net/Products/Linux немесе басқа SONY жасаған веб-сайтқа кіріп, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА мезгіл-мезгіл қосылып отыратын қолданыстағы АШЫҚ КӨЗДІ КОМПОНЕНТТЕР тізімін және оларды пайдалануды тәртіптейтін қолданыстағы шарттар мен ережелерді қараңыз. Мұндай ережелер мен шарттарды тиісті үшінші тарап кез-келген уақытта сізге хабарламай өзгерте алады. ЕРЕКШЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА берілген лицензия бойынша талап етілетін шамада мұндай лицензиялардың шарттары осы СПЛК шарттарының орнына қолданылатын болады. ЕРЕКШЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА қолданылатын лицензиялардың шарттары осындай ЕРЕКШЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА қатысты осы СПЛК-дегі қандай да бір шектеулердің болуына тыйым салған кезде, осындай тыйым ауқымында мұндай шектеулер ЕРЕКШЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА қолданылмайды. Ашық көзді компоненттерге қолданылатын лицензия шарттары бойынша SONY корпорациясынан БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАМЕН байланыстағы бастапқы кодты беру туралы ұсыныс жасалса, мұндай ұсыныс тиісті шарттарының ауқымында жасалады.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ҚОРҒАЛҒАН МАТЕРИАЛДАРМЕН ПАЙДАЛАНУ

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ сіз және/немесе үшінші тараптар жасаған мазмұнды қарау, сақтау, өңдеу және/немесе пайдалану үшін пайдалануға болады. Мұндай мазмұн авторлық құқықпен, зияткерлік меншік туралы басқа заңдармен және/немесе келісімдермен қорғалуы мүмкін. Сіз БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ тек осындай мазмұнға қолданылатын барлық заңдар мен келісімдерге сәйкес пайдалануға келісесіз. Сіз SONY корпорациясы осы БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАДА сақталған, өңделген немесе пайдаланылған мазмұнды қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауы мүмкін екенін мойындайсыз және оған келісесіз. Мұндай шараларға БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ белгілі бір мүмкіндіктері арқылы резервтік көшірме жасауға және мазмұнды қалпына келтіруге рұқсат беру туралы сұрауыңызды қабылдаудан бас тарту, сондай-ақ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ заңсыз пайдаланған жағдайда осы СПЛК-ін тоқтату кіреді, бірақ бұлармен ғана шектелмейді.

МАЗМҰНҒА ҚЫЗМЕТІ

СОНЫМЕН ҚАТАР, БҰЛ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА БІР НЕМЕСЕ БІРНЕШЕ МАЗМҰН БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТЕР («МАЗМҰН ҚЫЗМЕТІ») АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАТЫН МАЗМҰНМЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫ МҮМКІН ЕКЕНІН ЕСКЕРІҢІЗ. МҰНДАЙ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ОЛАР АРҚЫЛЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАЗМҰН СОЛ МАЗМҰН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫМЕН ТӘРТІПТЕЛЕДІ. ЕГЕР СІЗ ОСЫ ШАРТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТСАҢЫЗ, СІЗ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ БЕЛГІЛІ БІР ШЕКТЕУЛЕРМЕН ҚОЛДАНАТЫН БОЛАСЫЗ. Сіз осы БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА арқылы қолжетімді белгілі бір мазмұн мен қызметті SONY бақыламайтын үшінші тараптар ұсынуы мүмкін екенін мойындайсыз және келісесіз. МАЗМҰН ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ. МАЗМҰН ҚЫЗМЕТІ КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА ӨЗГЕРТІЛУІ НЕМЕСЕ ТОҚТАТЫЛУЫ МҮМКІН.

ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІГІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ ТАРАП КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР

Сіз БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ белгілі бір мүмкіндіктеріне қол жеткізу үшін сіз толық жауап беретін Интернет байланысы қажет болуы мүмкін екенін мойындайсыз және келісесіз. Сонымен қатар, сіз Интернетке қосылуға байланысты кез-келген төлемді, соның ішінде Интернет провайдерінің қызметтері немесе эфир уақыты үшін ақы төлеуге өзіңіз толық жауап бересіз. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ жұмысы сіздің Интернет байланысыңыз бен қызметтеріңіздің мүмкіндіктеріне, өткізу қабілеттілігіне немесе техникалық шектеулеріне байланысты шектелуі немесе оған тыйым салынған болуы мүмкін. Интернетке қосылу мүмкіндігін ұсыну, оның сапасы және қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сізге немесе осындай қызметті ұсынатын үшінші тарапқа жүктеледі.

ЭКСПОРТТАУ ЖӘНЕ БАСҚА ЗАҢДАР

Сіз БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ өзңіз тұрып жатқан немесе оны пайдаланатын өңірде немесе елде қолданылатын барлық өз күшіндегі экспорттау және кері экспорттау шектеулері мен қағидаларын сақтауға және БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ тыйым салынған елге немесе өзге де түрде осындай кез келген шектеулерді немесе ережелерді бұзу арқылы тасымалдамауға немесе тасымалдауды басқа тұлғаларға тапсырмауға келісесіз.

ҚАУІПІ ЖОҒАРЫ ӘРЕКЕТТЕР

Бұл БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА ақауларға төзімді өнім емес және ол ақаулардан қорғалған дәрежедегі жұмысты талап ететін қауіпті орталарда, мысалы, ядролық қондырғылар, ұшақтардың навигация немесе байланыс жүйелері, әуе жолдары қозғалысын басқару құрылғылары, өмірді жасанды қолдау үшін емделушілерге тікелей жалғанатын аппараттар немесе БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ істен шығуы өлімге, жарақатқа, елеулі физикалық немесе экологиялық залалға әкеп соғуы мүмкін қару-жарақ жүйелерінде пайдалану («ҚАУІПІ ЖОҒАРЫ ӘРЕКЕТТЕР») кезінде төтенше басқару жабдығы ретінде пайдалану немесе сату үшін әзірленбеген, өндірілмеген және ондай мақсаттарға арналмаған. SONY, ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІЛЕРІНІҢ әрқайсысы және олардың тиісті филиалдары ҚАУІПІ ЖОҒАРЫ ӘРЕКЕТТЕРГЕ жарамдылық кепілдіктерін беруден (тікелей немесе жанама түрде болмасын), міндеттемелерден немесе шарттардан айқын түрде бас тартады.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ КЕПІЛДІГІН ЖАРАМСЫЗ ЕТУІ МҮМКІН ЖАҒДАЙЛАР

Сіз БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ тек өз тәуекеліңізбен пайдаланатыныңызды және БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ пайдалану бойынша тек өзіңіз жауапболатыныңызды мойындайсыз және осыған келісесіз. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА кез келген түрдегі кепілдіксіз, міндеттемелерсіз немесе шарттарсыз «сол қалпында» беріледі.


SONY КОМПАНИЯСЫ ЖӘНЕ ӘРБІР ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ (ОСЫ БӨЛІМНІҢ МАҚСАТТАРЫ ҮШІН SONY КОМПАНИЯСЫ ЖӘНЕ ӘРБІР ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ ӘРІ ҚАРАЙ БІР СӨЗБЕН «SONY» ДЕП АТАЛАТЫН БОЛАДЫ) БАРЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРДЕН, МІНДЕТТЕРДЕН НЕМЕСЕ ШАРТТАРДАН (ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕГІ) БАС ТАРТАДЫ. БҰЛАРҒА ТАУАРЛЫҚ ЖАРАМДЫЛЫҚ, САПА, БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ, ДӘЛДІК, АТАУҒА ҚАТЫСТЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ БҰЗБАУ ТУРАЛЫ КЕПІЛДІКТЕРІ КІРЕДІ, БІРАҚ БҰЛАРМЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ. ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫН ШЕКТЕМЕЙ, SONY КОРПОРАЦИЯСЫ КЕЛЕСІДЕЙ КЕПІЛДІКТЕРДІ БЕРМЕЙДІ, ШАРТТАРДЫ ҚОЙМАЙДЫ НЕ ҚАБЫЛДАМАЙДЫ ЖӘНЕ КЕЛЕСІДЕЙ МӘЛІМДЕМЕЛЕРДІ ЖАСАМАЙДЫ: (A) КЕЗ-КЕЛГЕН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАДАҒЫ ФУНКЦИЯЛАР СІЗДІҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІҢІЗГЕ СӘЙКЕС КЕЛЕДІ НЕМЕСЕ ОЛАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ, (B) КЕЗ-КЕЛГЕН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ ЖҰМЫСЫ ДҰРЫС НЕМЕСЕ ҚАТЕСІЗ БОЛАДЫ НЕМЕСЕ КЕЗ-КЕЛГЕН АҚАУ ТҮЗЕТІЛЕДІ, (C) БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА КЕЗ-КЕЛГЕН БАСҚА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА ЗИЯН ТИГІЗБЕЙДІ, (D) ОСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҮШІН ҚАЖЕТ КЕЗ-КЕЛГЕН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА, ЖЕЛІЛІК ҚЫЗМЕТ (ИНТЕРНЕТТІ ҚОСА) НЕМЕСЕ ӨНІМ (ОСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАДАН БАСҚА) ӘРҚАШАН ҚОЛЖЕТІМДІ, ҮЗДІКСІЗ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТІЛМЕГЕН КҮЙДЕ БОЛАДЫ ЖӘНЕ (E) БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА НЕМЕСЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ НӘРСЕ ӘРҚАШАН ДҰРЫ, ДӘЛ, СЕНІМДІ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ТҮРДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ.


SONY КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ SONY КОМПАНИЯСЫНЫҢ УӘКІЛЕТТІ ӨКІЛІ БЕРГЕН ЕШҚАНДАЙ АУЫЗША НЕМЕСЕ ЖАЗБАША АҚПАРАТ НЕМЕСЕ КЕҢЕС КЕПІЛДІКТЕР, МІНДЕТТЕР НЕМЕСЕ ШАРТТАР ТУЫНДАТПАЙДЫ НЕМЕСЕ ҚАНДАЙ ДА БІР ТҮРДЕ ОСЫ КЕПІЛДІКТІҢ КӨЛЕМІН КЕҢЕЙТПЕЙДІ. ЕГЕР БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА ДҰРЫС ЖҰМЫС ІСТЕМЕСЕ, СІЗ БАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ЖӨНДЕУ НЕМЕСЕ ТҮЗЕТУ ШЫҒЫНДАРЫН ӨЗ МОЙНЫҢЫЗҒА АЛАСЫЗ.

КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАР БОЛЖАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕРДІ АЛЫП ТАСТАУҒА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ, СОНДЫҚТАН БҰЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕР СІЗДІҢ ЮРИСДИКЦИЯҢЫЗДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНА ҚАЙШЫ КЕЛЕТІН ТҰСТАРДА СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН.

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ

SONY КОРПОРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІЛЕРІНІҢ ӘРБІРІ (осы бөлімнің мақсаттары үшін, оқау қолайлылығы үшін SONY және оның әрбір ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІСІ әрі қарай бірге «SONY» деп аталатын болады) КЕЗ КЕЛГЕН КЕЗДЕЙСОҚ, ЖАНАМА, ӘДЕЙІ НЕМЕСЕ САЛДАРДЫҚ ЗАЛАЛ НЕМЕСЕ ШЫҒЫН ҮШІН, КЕЗ КЕЛГЕН ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА КЕПІЛДІКТІ БҰЗУ, ШАРТТЫ БҰЗУ, НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ, ҚАТАҢ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҮШІН НЕМЕСЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕОРИЯ БОЙЫНША КЕЗ КЕЛГЕН КЕЗДЕЙСОҚ, ЖАНАМА, ӘДЕЙІ НЕМЕСЕ САЛДАРЛЫҚ ЗАЛАЛ НЕМЕСЕ ШЫҒЫН ҮШІН, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ НЕМЕСЕ ОНЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗ-КЕЛГЕН ЖАБДЫҚТЫ, БОС УАҚЫТТЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ УАҚЫТЫН ЖОҒАЛТУ, ТІПТІ ЕГЕР ОЛАРДЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕНІНЕ ОСЫНДАЙ ШЫҒЫНДАР НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛСЕ ДЕ ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА, ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ЕРЕЖЕСІНЕ СӘЙКЕС ОЛАРДЫҢ ӘРҚАЙСЫСЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА ЕНГІЗІЛГЕН НЕМЕСЕ ОНЫМЕН БІРГЕ ЖЕТКІЗІЛЕТІН SONY КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨНІМІ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАМЕН ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН SONY КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН ІС ЖҮЗІНДЕ ТӨЛЕНГЕН СОМАМЕН ШЕКТЕЛЕДІ. КЕЙБІР ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА МҰНДАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУҒА НЕМЕСЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ, СОНДЫҚТАН ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ЕРЕКШЕЛІКТЕР НЕМЕСЕ ШЕКТЕУЛЕР СІЗДІҢ ЮРИСДИКЦИЯҢЫЗДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНА ҚАЙШЫ КЕЛЕТІН ТҰСТА СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН.

АВТОМАТТЫ ЖАҢАРТУ ФУНКЦИЯСЫ

Уақыт өте келе, SONY немесе ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІЛЕРІ қауіпсіздік функцияларын күшейту, қателерді түзету және функцияларды жақсарту мақсатында (осыларды қоса, бірақ олармен шектелмейді), сіз SONY немесе үшінші тарап серверлерімен өзара әрекеттескен кезде немесе басқа әрекеттерді орындаған кезде БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ автоматты түрде жаңарта немесе өзгерте алады. Мұндай жаңартулардан немесе өзгертулерден кейін БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ функцияларының (сіз сенім білдірген функцияларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейді) немесе басқа аспектілерінің сипаттары жойылуы немесе өзгеруі мүмкін. Сіз мұндай әрекеттер SONY қалауы бойынша орын алуы мүмкін екенін және SONY БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ одан әрі пайдалану үшін Сіздің осындай жаңартуларды немесе өзгертулерді толық орнатуыңызды немесе қабылдауыңыз талап етуі мүмкін екенін мойындайсыз және келісесіз. Кез келген жаңарту/өзгерту осы СПЛК мақсаттары үшін БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ бір бөлігі болып саналатын болады. Осы СПЛК-ны қабылдай отырып, сіз осындай жаңартуға/өзгертуге келісесіз.

ШАРТТАРМЕН ТОЛЫҚ КЕЛІСУ, ОЛАРДАН БАС ТАРТУ, ШАРТТАРДЫҢ АВТОНОМДЫЛЫҒЫ

Мезгіл-мезгіл түзетулер мен өзгерістер енгізілетін осы СПЛК сіз бен SONY компаниясы арасындағы БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАҒА қатысты жасалған толық келісім болып табылады. SONY компаниясының осы СПЛК-ның кез келген құқығын немесе ережесін орындауды талап етпеуі немесе орындауға мәжбүрлемеуі мұндай құқықтан немесе ережеден бас тартуды білдірмейді. Егер осы СПЛК-ның қандай да бір бөлігі жарамсыз, заңсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, сол бөлік осы СПЛК-ның мақсатын сақтау үшін барынша рұқсат етілген дәрежеде қолданылады, ал қалған бөліктері толық күшінде және жарамды болып қала береді.

ҚАДАҒАЛАУ ЗАҢЫ ЖӘНЕ ЮРИСДИКЦИЯСЫ

Егер БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА сатып алынған немесе жеткізілген елдің Еуропалық немесе мемлекеттік заңнамасында өзгеше көзделмесе (егер сіз БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ тұтынушы ретінде сатып алған болсаңыз), осы СПЛК Англия заңнамасымен қадағаланады. Осы СПЛК-нен туындайтын кез-келген дау Англияның немесе сіз тұратын Еуропа елінің соттары арқылы шешілетін болады.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛДАРЫ

Осы СПЛК-де сіз қарсы болатын нәрселер болса да, сіз осы СПЛК-ді кез-келген жолмен бұзсаңыз немесе ережелерді сақтамасаңыз, SONY компаниясына орны толмайтын зиян келтіруіңіз мүмкін екенін, мұндай зиян үшін ақшалай өтемақы жеткіліксіз болуы мүмкін екенін мойындайсыз және осымен келісесіз және сіз SONY компаниясының осындай жағдайларда қажет немесе орынды деп санайтын кез-келген заңды тыйымын салуына немесе заңды қорғау құралын қолдануына келісесіз. Сондай-ақ, SONY осы СПЛК-ді бұзудың алдын алу және/немесе сақталуын қамтамасыз ету үшін, егер SONY өз қалауы бойынша, осы СПЛК-ін бұздыңыз немесе бұзғыңыз келеді деп есептесе, сіздің БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ пайдалануыңызды дереу тоқтатуды қоса алғанда (онымен ғана шектелмейді), кез келген заңды және техникалық шараларды қолдана алады. Бұл құқық қорғау құралдары SONY компаниясының заңды түрде, әділ түрд немесе келісім бойынша қолдануы мүмкін кез-келген басқа қорғаныс құралдарымен бірге қолданылады.

ТОҚТАТУ

Егер сіз осы СПЛК-нің оның кез-келген шартын орындамасаңыз, SONY өзінің басқа құқықтарына нұқсан келтірместен келісімді тоқтата алады. Мұндай тоқтату болған жағдайда сіз: (i) кез келген пайдалануды тоқтатып, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ кез келген көшірмесін жоюға; (ii) төмендегі «Есептік жазбаға қатысты міндеттер» деп аталатын бөлімде жазылған талаптарды орындауға тиіссіз.

ТОЛЫҚТЫРУЛАР

SONY КОМПАНИЯСЫ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ КЕЗ КЕЛГЕН ШАРТЫНА ӨЗ ҚАЛАУЫ БОЙЫНША SONY ВЕБ-САЙТЫНДА ХАБАРЛАМА ОРНАЛАСТЫРУ АРҚЫЛЫ, СІЗ КӨРСЕТКЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫНА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ХАБАРЛАМА ЖІБЕРУ АРҚЫЛЫ, СІЗ ЖАҢАРТУЛАРДЫ/ЖЕТІЛДІРУЛЕРДІ АЛАТЫН ПРОЦЕССТІҢ БІР БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ХАБАРЛАМА БЕРУ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ЗАҢДЫ ТҮРДЕ АЙҚЫН ХАБАРЛАМА ФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ҚҰҚЫҒЫН ӨЗІНЕ ҚАЛДЫРАДЫ. Егер сіз толықтырумен келіспесеңіз, нұсқаулар алу үшін SONY компаниясына дереу хабарласуыңыз керек. Кез келген осындай хабарлама күшіне енген күннен кейін сіздің БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ одан әрі пайдалансаңыз, осындай хабарлама толықтыруда көрсетілген талапты орындауға қатысты сізбен арадағы келісім болып табылатын болады.

ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ БЕНЕФИЦИАРЛАРЫ

Әрбір ҮШІНШІ ТАРАП ЖЕТКІЗУШІСІ үшінші тараптың нақты бенефициары болып табылады және осындай тарап бағдарламалық жасақтамаға қатысты осы СПЛК-нің әрбір ережесі бойынша шара қолдануға құқығы бар.

ЕСЕПТІК ЖАЗБАҒА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТЕР

Егер құрылғыны сатып алынған, сатқан немесе басқаша түрде берілген орнына қайтарған жағдайда, болмаса осы СПЛК тоқтатылған жағдайда, сіз осы БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ құрылғыңыздан жоюыңыз және құрылғыда жасаған немесе БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА арқылы қолжетімді барлық есептік жазбаларды, мүмкін болса, жоюға міндетті боласыз. Сіз SONY компаниясында немесе үшінші тараптардағы кез-келген есептік жазбаның, сондай-ақ ҚҰРЫЛҒЫНЫ пайдаланумен байланысты кез-келген пайдаланушы аты мен құпиясөздің құпиялылығын сақтауға толықтай жауап бересіз.


Егер сізде осы СПЛК-ге қатысты сұрақтарыңыз болса, SONY компаниясымен әр аймақта немесе елде бар тиісті байланыс мекенжайы бойынша хабарласа аласыз.