Басып шығару

Смартфонның/планшеттің экранын теледидарда MHL кабелі арқылы көрсету (тек MHL қолдау көрсетілетін модельдері)

белгісі HDMI IN 1/MHL портының (MHL қолдау көрсетілетін 2K модельдері үшін) немесе HDMI IN 2/MHL портының (MHL қолдау көрсетілетін 4K модельдері үшін) қасында орналасқан.

Мобильді құрылғыны MHL шығысымен жалғау

2K модельдері үшін мобильді құрылғыны теледидардың HDMI IN 1/MHL портына MHL кабелі арқылы жалғаңыз.

4K модельдері үшін мобильді құрылғыны теледидардың HDMI IN 2/MHL портына MHL кабелі арқылы жалғаңыз.

  1. MHL мобильді құрылғы
  2. MHL кабелі (бірге берілмейді)*

* 2K сигналдары үшін MHL логотипі бар рұқсат етілген MHL 2 кабелін пайдаланыңыз.
4K модельдері үшін MHL логотипі бар рұқсат етілген MHL 3 кабелін пайдаланыңыз. Егер MHL мобильді құрылғыңыз 4K шығысын қолдаса, рұқсат етілген MHL 3 кабелін пайдаланыңыз.

MHL шығысы бар мобильді құрылғыда сақталған контентті көру

  1. Мобильді құрылғыны жалғағаннан кейін HOME түймесін басыңыз, содан соң қосылатын мобильді құрылғының кірісін таңдаңыз.

MHL кірісіне автоматты түрде ауысу

  1. HOME түймесін басыңыз, содан соң [Параметрлер] — [Сыртқы кірістер] — [BRAVIA Sync параметрлері] — [Авто кірісті өзгерту (MHL)] — [Қосулы] параметрін таңдаңыз. (Мобильді құрылғыға байланысты кіріс автоматты түрде ауыспауы мүмкін.) Егер ТД күту режимінде болса, ол автоматты түрде ауыспайды.

Мобильді құрылғыны зарядтау

ТД қосулы болғанда, мобильді құрылғы MHL кабелі арқылы қосылса, ТД оны зарядтай алады.

Ескерту

  • MHL мүмкіндігін қолдайтын смартфондар/планшеттер ғана осы мүмкіндікті пайдалана алады.

Нұсқау

Егер [Күту режимінде MHL зарядтау] параметрі [Қосулы] күйіне орнатылса, ТД күту режимінде болғанда ТД жалғанған MHL құрылғысын зарядтай алады.

HOME түймесін басыңыз, содан соң [Параметрлер] — [Сыртқы кірістер] — [BRAVIA Sync параметрлері] — [Күту режимінде MHL зарядтау] — [Қосулы] параметрін таңдаңыз.