Жеке дыбыс жүйесіSRS-X11

Динамикті BLUETOOTH құрылғысына One touch байланыс (NFC) мүмкіндігі арқылы қосу мүмкін емес

  • NFC үйлесімді құрылғы жауап бергенге дейін оны динамикке жақын ұстаңыз. Егер қоса алмасаңыз, құрылғыны динамиктің N белгісі бар бөлігінің үстімен ақырын жылжытыңыз.
  • Динамиктің NFC функциясы қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
  • Құрылғы қаптамада болса, оны алып тастаңыз.
  • NFC қабылдау сезімталдығы құрылғыға байланысты өзгереді. Динамикті құрылғымен бір рет басу арқылы қоса алмасаңыз, оны динамикке экрандағы операция арқылы қосыңыз.
  • Құрылғыңыз NFC үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз. Тұтынушыға қолдау көрсету веб-сайтындағы ақауға байланысты ақпаратты қараңыз.
  • Динамикті қосу функциясын пайдалану үшін, (BLUETOOTH) индикаторы ақ түсте жыпылықтап тұрған динамикпен жұптастырыңыз.