Жеке дыбыс жүйесіSRS-X11

NFC үйлесімді құрылғысын бір рет тигізу арқылы байланыстыру (NFC)

Динамикті смартфон немесе Walkman т.б. секілді NFC үйлесімді құрылғыларымен түрту арқылы динамик автоматты қосылып, жұптастыру және BLUETOOTH байланысы процестерін жалғастырады.

Үйлесімді смартфондар
Android 2.3.3 немесе кейін орнатылған NFC үйлесімді смартфондар
Үйлесімді Walkman үлгілері
NFC үйлесімді Walkman үлгілері*1

*1 Walkman NFC функциясымен үйлесімді болса да, ол динамикпен BLUETOOTH байланысын бір рет түрту арқылы жасай алмауы мүмкін. Үйлесімді үлгілер туралы мәліметтер алу үшін Walkman құрылғысымен бірге берілген пайдалану бойынша нұсқаулықтарды қараңыз.

NFC
NFC (Жақын өріс байланысы) смартфондар мен IC тегтері сияқты түрлі құрылғылар арасында қысқа уақыттағы сымсыз байланысты қосу технологиясы.
NFC функциясының көмегімен деректер байланысына (мысалы, BLUETOOTH жұптастыру) NFC үйлесімді құрылғыларды (әр құрылғыдағы N белгісіне немесе арнайы орнына) тигізу арқылы оңай қол жеткізуге болады.
  1. Құрылғының NFC функциясын қосулы күйге орнатыңыз.

    Мәліметтер алу үшін құрылғымен бірге келген жұмыс жасау нұсқауларын қараңыз.

    • Егер смартфоныңыздың ОЖ Android 2.3.3 немесе одан кейінгісі болса және Android 4.1 төмен болса:

      2-қадамға өтіңіз.

    • Егер смартфоныңыздың ОЖ Android 4.1 немесе кейінгісі болса: 4-қадамға өтіңіз.
    • NFC үйлесімді Walkman үлгілері*2: 4-қадамға өтіңіз.

    *2 NFC параметрінің процедуралары Walkman үлгілеріне байланысты өзгеше болуы мүмкін. Мәліметтер алу үшін Walkman құрылғымен бірге берілген пайдалану бойынша нұсқаулықтарды қараңыз.

  2. «NFC Easy Connect» бағдарламасын смартфонға жүктеңіз және орнатыңыз.

    «NFC Easy Connect» – Google Play арқылы жүктеп алуға болатын тегін Android бағдарламасы.

    Бағдарламаны «NFC Easy Connect» іздеу арқылы жүктеңіз немесе оған келесі екі өлшемді кодты пайдалану арқылы кіріңіз. Бағдарламаны жүктеу үшін ақы алынуы мүмкін.

    Екі өлшемді код арқылы жүктеп алу үшін, екі өлшемді кодты оқу бағдарламасы қажет.

     

    Бағдарламаны іздеу үшін келесі веб-сайтқа кіріңіз:

    https://play.google.com/store/apps/details?id=com.sony.easyconnect

    Екі өлшемді код арқылы жүктеп алу:

    Бағдарлама кейбір елдерде/аймақтарда жүктелмеуі мүмкін.

  3. Смартфондағы «NFC Easy Connect» бағдарламасын іске қосыңыз.

    Бағдарлама экранының көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз.

  4. Динамикті құрылғымен түртіңіз.

    Алдымен, құрылғының экранын құлыптаңыз.

    Құрылғы жауап бергенше, оны динамиктің N белгісі бар бөлігіне тигізіп тұрыңыз.

    Динамик өшіп тұрған болса, құрылғы тиген кезде динамик қосылады.

    Байланысты орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылғанда, (BLUETOOTH) индикаторы жанулы күйінде қалады.

    Ажырату үшін динамикті құрылғымен қайта түртіңіз.

    Ескерту

    Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде

    (BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамикті түртіңіз. Құрылғы (BLUETOOTH) индикаторы өшіп тұрған динамикпен BLUETOOTH байланысын орната алмайды.

Тұспал

  • Динамикті қоса алмасаңыз, келесі әрекетті орындаңыз.
    • Құрылғыдағы бағдарламаны іске қосып, құрылғыны динамикті N белгісі бар бөлігінің үстімен ақырын жылжытыңыз.
    • Егер құрылғы қаптамада болса, қаптамасын шешіңіз.
    • Бағдарлама терезесінің құрылғыда көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
  • Құрылғыны динамикке тигізсеңіз, құрылғы ағымдағы құрылғымен (NFC құрылғысымен үйлесімді құлақаспап, т.б.) BLUETOOTH байланысын тоқтатып, динамикпен байланысады (One touch байланысын қосу).

Ескерту

  • Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы BLUETOOTH байланысы арқылы байланысқан кезде аудио кабелі динамиктің AUDIO IN ұясына жалғанса, BLUETOOTH қосылған құрылғыдағы дыбыс динамиктен шықпайды (автоматты функция қолжетімді). Музыканы BLUETOOTH құрылғысынан тыңдау үшін аудио кабелін динамиктің AUDIO IN ұясынан ажыратыңыз.
  • Смартфоныңыз магниттік күшке жауап ретінде күту режиміне өтетін түр болса, ол NFC арқылы қосылмауы мүмкін.