Жеке дыбыс жүйесіSRS-X11

Динамикті айнымалы ток көзінен зарядтау

Динамик қайта зарядталатын литий-иондық батареядан тұрады, динамикті алғаш пайдаланбас бұрын оны зарядтау керек.

  1. Динамиктің өшкеніне көз жеткізіңіз.
  2. Micro-USB кабелін (беріледі) динамикке жалғап, екінші басын USB айнымалы ток адаптеріне (берілмейді) жалғаңыз.
  3. USB айнымалы ток адаптерін айнымалы ток розеткасына қосыңыз.

    Зарядтау кезінде CHARGE индикаторы қызғылт сары түсте жанады. Зарядтаудың болжалды уақыты жалғанған USB айнымалы ток адаптерінің шығыс қуатының сыйымдылығына байланысты. USB айнымалы ток адаптерінің шығыс қуаты туралы мәліметтер алу үшін USB айнымалы ток адаптерімен бірге берілген пайдалану бойынша нұсқаулықты қараңыз. Төмендегі уақыт сыртқы ортаның температурасына немесе қолдану шарттарына байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    • Жалғанған USB айнымалы ток адаптерін 1,5 А өлшеммен қуат бере алатын болса, зарядтауға шамамен төрт сағат*1 кетуі мүмкін.
    • Жалғанған USB айнымалы ток адаптерін 500 мА өлшеммен қуат бере алатын болса, зарядтауға шамамен сегіз сағат*1 кетуі мүмкін.

    Зарядтау аяқталған кезде CHARGE индикаторы өшеді.
    Динамик өшіріліп, айнымалы ток розеткасына жалғанған кезде CHARGE индикаторы өшірулі күйде қалса, кіріктірілген литий-иондық батареяның толық зарядталғанын білдіреді. Батарея толық зарядталғаннан кейін динамик айнымалы ток розеткасына қосулы күйде қалса да, зарядталмайды.

    *1Бос батареяны толық сыйымдылығына дейін зарядтауға жұмсалатын уақыт.

Батареяның жұмыс жасау мерзімі (BLUETOOTH байланысын пайдаланғанда)

Шамамен 12 сағат*2.

Жоғарыда көрсетілген уақыт сыртқы ортаның температурасына немесе қолдану шарттарына байланысты өзгеше болуы мүмкін.

*2 Батарея жарамдылығын есептеу әдісі 2015 жылдан бастап өзгерді.

Батарея аз қалғанда

  • CHARGE индикаторы жай ғана қызғылт сары түсте жанып тұрса, батарея қуаты азайған және зарядтауды қажет етеді.
  • Егер CHARGE индикаторы үш рет сарғылт түсте жанса және динамикті қосқанда өшіп қалса, батарея қуаты біткенін және зарядтау қажет екенін білдіреді. 

Тұспал

  • Динамик айнымалы ток розеткасына жалғанған болса, CHARGE индикаторының жанбай тұрғанына қарамастан, қолданыстағы динамик зарядтала береді. Осындай жағдайда, пайдалану жағдайларына байланысты бұл динамикті өшірулі күйде зарядтағанға қарағанда ұзағырақ уақыт алуы мүмкін. Сондықтан, зарядтау кезінде динамикті өшіріп қойған жөн.
  • USB айнымалы ток адаптерінің шығыс қуаты 500 мА болғанына қарамастан, шығыс қуаты 1,5 A немесе одан көп болатын және бөлек сатылатын USB айнымалы ток адаптерін пайдаланған жөн, бірақ 1,5 A-ден аз болатын адаптер де динамикпен үйлесімді. Адаптерлердің басқа түрімен зарядтау кепілдікке кірмейді.
  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, тіпті ол айнымалы ток көзіне жалғанған болса да, батарея қуаты төмендеуі мүмкін. Динамикті зарядтау кезінде пайдаланатын болсаңыз, дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Не болмаса, динамикті өшіріп, батареяны толық сыйымдылығына дейін зарядтаңыз.
  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт бойы пайдаланған кезде, тіпті ол айнымалы ток көзіне жалғанған болса да, батарея қуаты төмендеуі мүмкін. Нәтижесінде, дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақау емес. Динамикті өшіріп, батареяны толық сыйымдылығына дейін зарядтаңыз.

Ескерту

  • Тым суық немесе ыстық ортада қауіпсіздік үшін зарядтау тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кететін болса, бұл динамиктің зарядталуын тоқтатады. Осындай жағдайларда, CHARGE индикаторы қызғылт сары түсте жыпылықтай береді, бірақ бұл ақау емес. Осы мәселелерді шешу үшін, micro-USB кабелін ажыратып, 5 °C және 35 °C арасындағы жұмыс температурасында қайта жалғаңыз.
  • Динамикті ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз да, батарея қуатын алты айда бір рет өнімділігін сақтау үшін толық сыйымдылығына дейін зарядтаңыз.