Динамикті компьютерден зарядтау
Динамик қайта зарядталатын литий-иондық батареядан тұрады, динамикті алғаш пайдаланбас бұрын оны зарядтау керек.
- Динамиктің өшкеніне көз жеткізіңіз.
- Micro-USB кабелін (беріледі) динамикке жалғап, екінші басын іске қосулы компьютерге жалғаңыз.

Зарядтау кезінде CHARGE индикаторы қызғылт сары түсте жанады. Зарядтаудың болжалды уақыты жалғанған компьютердің ток адаптерінің шығыс қуатының сыйымдылығына байланысты. Компьютердің шығыс қуаты туралы мәліметтер алу үшін компьютермен бірге берілген пайдалану бойынша нұсқаулықты қараңыз. Төмендегі уақыт сыртқы ортаның температурасына немесе қолдану шарттарына байланысты өзгеше болуы мүмкін.
- Жалғанған компьютер 1,5 А өлшеммен қуат бере алатын болса, зарядтауға шамамен төрт сағат*1 кетуі мүмкін.
- Жалғанған компьютер 500 мА өлшеммен қуат бере алатын болса, зарядтауға шамамен сегіз сағат*1 кетуі мүмкін.
Зарядтау аяқталған кезде CHARGE индикаторы өшеді.
Динамик өшіріліп, іске қосулы компьютерге жалғанған кезде CHARGE индикаторы өшірулі күйде қалса, кіріктірілген литий-иондық батареяның толық зарядталғанын білдіреді. Батарея толық зарядталғаннан кейін динамик компьютерге қосулы күйде қалса да, зарядталмайды.*1Бос батареяны толық сыйымдылығына дейін зарядтауға жұмсалатын уақыт.
Батареяның жұмыс жасау мерзімі (BLUETOOTH байланысын пайдаланғанда)
Шамамен 12 сағат*2.
Жоғарыда көрсетілген уақыт сыртқы ортаның температурасына немесе қолдану шарттарына байланысты өзгеше болуы мүмкін.
*2 Батарея жарамдылығын есептеу әдісі 2015 жылдан бастап өзгерді.
Батарея аз қалғанда
- CHARGE индикаторы жай ғана қызғылт сары түсте жанып тұрса, батарея қуаты азайған және зарядтауды қажет етеді.
- Егер CHARGE индикаторы үш рет қызғылт сары түспен жыпылықтаса және динамикті қосқанда өшіп қалса, батарея қуаты біткен және зарядтау қажет.
USB кабелі арқылы зарядтау үшін компьютердің ұсынылатын жүйесі
Windows® 8.1, Windows® 8, Windows® 7 SP1, Windows Vista® SP2, Mac OS X (нұсқа: 10.6 - 10.9)
- Жоғарыда көрсетілген жүйедегі барлық компьютерлерде пайдалануға кепілдік берілмейді.
- Үй компьютерінде пайдалану кепілдікке кірмейді.
Тұспал
- Динамик компьютерге жалғанған болса, CHARGE индикаторының жанбай тұрғанына қарамастан, қолданыстағы динамик зарядтала береді. Осындай жағдайда, пайдалану жағдайларына байланысты бұл динамикті өшірулі күйде зарядтағанға қарағанда ұзағырақ уақыт алуы мүмкін. Сондықтан, зарядтау кезінде динамикті өшіріп қойған жөн.
- Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, тіпті ол компьютерге жалғанған болса да, батарея қуаты төмендеуі мүмкін. Динамикті зарядтау кезінде пайдаланатын болсаңыз, дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Не болмаса, динамикті өшіріп, батареяны толық сыйымдылығына дейін зарядтаңыз.
- Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт бойы пайдаланған кезде, тіпті ол компьютерге жалғанған болса да, батарея қуаты төмендеуі мүмкін. Нәтижесінде, дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақау емес. Динамикті өшіріп, батареяны толық сыйымдылығына дейін зарядтаңыз.
Ескерту
- Тым суық немесе ыстық ортада қауіпсіздік үшін зарядтау тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кететін болса, бұл динамиктің зарядталуын тоқтатады. Осындай жағдайларда, CHARGE индикаторы қызғылт сары түсте жыпылықтай береді, бірақ бұл ақау емес. Осы мәселелерді шешу үшін, micro-USB кабелін ажыратып, 5 °C және 35 °C арасындағы жұмыс температурасында қайта жалғаңыз.
- Динамикті ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз да, батарея қуатын алты айда бір рет өнімділігін сақтау үшін толық сыйымдылығына дейін зарядтаңыз.


