Бөлшектері мен басқару элементтері
Алдыңғы және жоғарғы жағы
Артқы жағы
- UPDATE түймесі
Құрылғының бағдарлама жаңарту күйін көрсетеді.
- CHARGE индикаторы
Кірістірілген литий-ионды батареяның зарядталу күйін көрсету үшін жанады немесе жарқылдайды.
- VOL (дыбыс деңгейі) -/+ түймелері
Дыбыс деңгейін реттеу үшін түртіңіз.
(қосу/күту режимі) индикаторы түртілген кезде дыбыс деңгейінің реттелуіне сәйкес жарқылдайды.
-
(қосу/күту режимі) түймесі/индикаторы
Динамик қуатын қосу не өшіру үшін басыңыз.
Динамиктің қуат күйі индикатордың жануы не жарқылдауы арқылы көрсетіледі.
- LINK индикаторы
Динамиктің желі байланысы күйін көрсетеді.
- NETWORK түймесі/индикаторы
Динамикті NETWORK режиміне ауыстыру үшін түртіңіз.
Музыка қызметтерін және үй желісіндегі құрылғыда сақталған музыканы таңдау үшін түртіңіз.
Желінің байланыс күйі индикатордың жануы не жарқылдауы арқылы көрсетіледі.
-
(BLUETOOTH)
PAIRING түймесі/индикаторы
Динамикті BLUETOOTH режиміне не жұптастыру режиміне ауыстыру үшін түртіңіз.
BLUETOOTH құрылғысымен жұптастыру немесе қосу не BLUETOOTH құрылғысымен музыка тыңдау үшін түртіңіз.
BLUETOOTH құрылғының байланыс күйі индикатордың жануы не жарқылдауы арқылы көрсетіледі.
Динамикті BLUETOOTH режиміне ауыстыру үшін бір рет түртіңіз. Динамикті жұптастыру режиміне ауыстыру үшін түртіп тұрыңыз.
- AUDIO IN түймесі/индикаторы
Динамикті AUDIO IN режиміне ауыстыру үшін түртіңіз.
AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғыдағы музыканы тыңдау үшін түртіңіз.
Түртілген кезде AUDIO IN индикаторы жанады.
- N-Белгі
Егер смартфоныңыз не Walkman NFC-үйлесімді болса, оны динамиктің N-Белгісіне түртіңіз. Динамик автоматты түрде қосылады, құрылғымен тіркеледі (жұптасады) және BLUETOOTH байланысы жасалады.
- Wi-Fi антеннасы
Wi-Fi байланысын төмендегідей тіке орнатыңыз.
Антеннаның оң жағын басыңыз, сонда антенна өзінің тереңдігінен шығады.
Антеннаны жоғары қаратып орнатыңыз.
- NETWORK OFF/ON қосқышы
Желі функциясын қосыңыз не өшіріңіз. Желіге қосқанда осы қосқышты ON күйіне орнатыңыз.
- RESET түймесі
Динамик параметрлерін қалпына келтіру үшін итеріңіз. Егер динамикті қосу не пайдалану мүмкін болмаса, RESET түймесін түймешік сияқты көрсетілген затпен итерсеңіз, жағдайды шешуі мүмкін.
- WPS түймесі
Wi-Fi желісіне қосылу кезінде басып тұрыңыз.
2 секунд бойы басып тұрғаннан кейін динамиктің сымсыз маршрутизаторға қосылуға дайын екенін көрсету үшін сигнал естіледі.
Егер сымсыз маршрутизаторда WPS түймесі болса, осы түймені желіге қосылу үшін пайдалана аласыз.
- DC OUT ONLY порты (USB)
Смартфон сияқты USB құрылғысын USB динамиктен зарядтау үшін кабель (берілмеген) арқылы қосыңыз. Еге музыканы қосылған USB құрылғыда ойнататын болсаңыз, дыбыс динамиктен шықпайды.
- LAN порты
Компьютерге немесе сымсыз маршрутизаторға қосылу үшін сатылатын LAN кабелін пайдаланыңыз. Экрандалған желі кабельдерін пайдаланыңыз.
- AUDIO IN ұясы
Портативті аудио құрылғының, т.б. құрылғының құлақаспап ұясына сатылатын аудио кабелі арқылы қосыңыз.
- DC IN 18 V ұясы
Айнымалы ток адаптерін (берілген) қосыңыз.