Индикаторлар туралы
(қосу/күту режимі) индикаторы
- Өшеді
- Динамик күту режимінде.
- Жанады (жасыл)
- Динамик іске қосылды.
- Жанады (қызғылт сары)
- Динамик BLUETOOTH/желі күту режимінде.
- BLUETOOTH/желі күту режимінің функциясы динамик айнымалы ток розеткасына айнымалы ток адаптері арқылы қосылғанда ғана орнатылады. Динамик тек кіріктірілген батарея арқылы ғана зарядталатын болса, BLUETOOTH/желі күту режимінің функциясы қол жетімсіз болады.
- Жыпылықтайды (жасыл)
-
- Егер динамикті өшірсеңіз, индикатор ақырын жасыл түспен жанады, содан соң қызғылт сары түпен жанады немесе өшеді. Индикатор жыпылықтап тұрғанда динамик жұмыс істемейді.
- VOL (дыбыс деңгейі) -/+ түймесін түрткенде, индикатор дыбыс деңгейінің реттелуіне байланысты бір рет немесе үш рет жыпылықтайды.
- Жыпылықтайды (қызыл)
- Динамик қорғаныс режимінде немесе бағдарламалық құралды жаңарту мүмкін болмады. «Қуат индикаторы қызыл түспен жыпылықтайды.» бөлімін қараңыз.
CHARGE индикаторы
- Өшеді
- Динамикті зарядтау аяқталды.
- Жанады
- Динамик зарядталуда.
- Баяу жыпылықтайды
- Кіріктірілген батарея қуаты аз және зарядтауды қажет етеді. Осы жағдайда, динамик басқа құрылғыларды қуатпен қамтамасыз ете алмайды.
- Үш рет жыпылықтап, өшеді
- Егер CHARGE индикаторы үш рет жыпылықтаса және динамикті қосқанда өшіп қалса, батарея қуаты біткен және зарядтау қажет.
LINK индикаторы
- Өшеді
- Динамик желіге қосылмайды.
- Жанады (қызғылт сары)
- Динамик Wi-Fi желісіне қосылады.
- Жанады (күлгін)
- Динамик сымды желіге қосылады.
- Жыпылықтайды (қызғылт сары)
- Динамик Wi-Fi желісіне қосылу процесінде.
- Жыпылықтайды (күлгін)
- Динамик сымды желіге қосылу процесінде.
- Жанады (жасыл не ашық көк)
- Динамик музыка қызметіне қосылады.
- Жыпылықтайды (қызыл)
- Желі байланысы орнатылмады.
- Жанады (қызыл)
- Желі байланысы орнатылмады немесе желі параметрі орындалғанымен де байланыс орнатылмады.
AUDIO IN индикаторы*1*2
- Жанады (ақ)
- Динамик AUDIO IN режимінде.
(BLUETOOTH)
PAIRING индикаторы*1*2*3*4
- Жанады (ақ)
- Динамик BLUETOOTH құрылғыға қосылады.
- Тез жыпылықтайды (ақ)
- Динамик BLUETOOTH құрылғысымен жұптастырылады.
- Жанады (ақ)
- Динамик қосылатын BLUETOOTH құрылғысын іздеуде.
NETWORK индикаторы*1*2*3
- Жанады (ақ)
- Динамик NETWORK режимінде.
- Жанады (ақ)
- Динамик аудио файлды желі арқылы алады.
UPDATE түймесі
- Жанады (қызғылт сары)
- Динамик интернетке қосылғанда бағдарлама жаңартуының қол жетімділігін анықтайды. Жарық түймесін түрткенде және басқанда динамик бағдарламасының жаңартуы басталады.
- Жыпылықтайды (қызғылт сары)
-
- Динамик бағдарламаны жаңартуда. Жаңарту кезінде динамикті пайдалануға болмайды.
- Бағдарлама жаңартылғаннан кейін динамик алғаш рет қосылса, UPDATE түймесі сізді жаңартудың аяқталғаны туралы хабардар ету үшін үш рет жыпылықтайды.
*1 Егер бағдарламаны жаңарту орындалмаса, индикатор тағы жанады.
*2 Wi-Fi сигналының қуатын тексеру кезінде индикаторы тағы жыпылықтайды.
*3 Сымсыз функциясын қосулы не өшірулі мәніне ауыстыру кезінде индикатор тағы жыпылықтайды.
*4 BLUETOOTH аудионы ағымда ойнатуға ауыстырғанда индикатор тағы жыпылықтайды.