3-байланысу әдісі: NFC-үйлесімді құрылғымен (NFC) бір рет түрту арқылы қосу
Динамикті смартфон немесе Walkman, etc. сияқты NFC-үйлесімді құрылғымен түрту арқылы динамик автоматты түрде қосылады да, құрылғымен жұптасып, BLUETOOTH байланысын жасайды.
- Үйлесімді смартфондар
- Android 4.1 немесе кейін орнатылғандармен NFC-үйлесімді смартфондар
- Үйлесімді Walkman үлгілер
- NFC-үйлесімді Walkman үлгілер*
* Егер Walkman NFC функциясымен үйлесімді болса да, ол BLUETOOTH динамикпен бір рет түрту арқылы байланыс жасай алмауы мүмкін. Үйлесімді үлгілер туралы мәліметтер алу үшін Walkman құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
- NFC
- NFC (Жақын өріс байланысы) смартфондар мен IC тегтері сияқты түрлі құрылғылар арасында қысқа уақыттағы сымсыз байланысты қосу технологиясы.
- NFC функциясының көмегімен деректер байланысы – мысалы, BLUETOOTHжұптастыруға жай ғана түрту арқылы қол жеткізуге болады NFC-үйлесімді құрылғылармен қоса (мыс., NБелгі таңбасы немесе әр құрылғыда көрсетілген орны).
Бастамастан бұрын келесіні орындаңыз.
- Кенет динамиктен қатты дыбыс шықпауы үшін, BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды тоқтатыңыз.
- Құрылғының NFC функциясын қосулы күйге орнатыңыз.
Мәліметтер алу үшін құрылғымен бірге келген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
- Динамикті құрылғымен түртіңіз.
Алдымен, құрылғының экранын құлыптаңыз.
Динамиктің N-Белгісіндегі құрылғыны (
) құрылғы жауап бергенше (бірнеше секундқа созылуы мүмкін) түртіңіз.
Динамик өшіп тұрған болса, құрылғы тиген кезде динамик қосылады.
Байланысты орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BLUETOOTH байланысы орнатылғанда,
(BLUETOOTH) индикаторы жанулы қалады.
Ажырату үшін динамикті құрылғымен қайта түртіңіз.
Тұспал
- BLUETOOTH байланысы орнатылғанда жұптастыруды орындауға не басқа BLUETOOTH құрылғысына қосуыңызға болады. Осы жағдайда алдыңғы байланыс ажыратылады.
- SongPal құрылғысында BLUETOOTH байланысы арқылы музыканы ойнату функциясы жоқ. Музыканы смартфон, компьютер, т.б. сияқты BLUETOOTH құрылғыңызбен ойнатыңыз.
- Динамикті қоса алмасаңыз, келесі әрекетті орындаңыз.
- Құрылғыны динамиктің N-Белгісі арқылы ақырын жылжытыңыз.
- Егер құрылғы қаптамада болса, қаптамасын шешіңіз.
- Бағдарлама терезесінің құрылғыда көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Құрылғыны динамикке тигізсеңіз, құрылғы ағымдағы құрылғымен (NFC құрылғысымен үйлесімді құлақаспап, т.б.) BLUETOOTH байланысын тоқтатып, динамикпен байланысады (One touch байланысын қосу).
Ескерту
- BLUETOOTH құрылғыда ойнатуды тоқтатып, құрылғының дыбыс деңгейін алдын ала азайтыңыз. Әйтпесе, BLUETOOTH байланысы жасалағаннан кейін музыка алғаш рет ойнатылғанда динамиктен қатты дыбыс шығуы мүмкін.