Жеке дыбыс жүйесіSRS-X77

2-жаңарту әдісі: Интернет арқылы қолмен жаңарту

Динамик Интернетке сымды немесе Wi-Fi желісі арқылы қосылғанда, динамик қол жетімді бағдарламалық құрал жаңартуын тапқанда динамиктегі UPDATE түймесі қызғылт сары түсте жанады. (UPDATE түймесі әдетте өшірулі.)

Мұндай жағдайда бағдарламалық құралды ең соңғы нұсқасына дейін жаңарту үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

Жаңарту басталғанда қандай да бір ойнап жатқан музыка тоқтайды. Сондай-ақ, қандай да бір BLUETOOTH қосылымы ажыратылады.

  1. UPDATE түймесін сигнал естілгенше түртіп тұрыңыз.

    UPDATE түймесі жаңарту басталғанда қызғылт сары түспен жанады.

    Жаңарту кезінде динамик жұмыс істемейді.

    UPDATE түймесі өшеді және динамик жаңарту аяқталғанда күту режиміне не BLUETOOTH/Желі күту режиміне автоматты түрде өтеді.

    Жаңартқаннан кейін динамикті бірінші рет қосқанда UPDATE түймесі үш рет жыпылықтайды.

Егер жаңарту барысында индикаторы қызыл түсте жыпылықтаса және UPDATE түймесі қызғылт сары түсте жыпылықтаса

Жаңарту мүмкін болмады.

Егер желі қосылымы сенімді болмаса, жаңарты аяқталуға дейін сәтсіз болуы мүмкін. USB флэш-жады арқылы жаңарту үшін келесі бөлімді қараңыз.

USB флэш-жады арқылы қолмен жаңарту (желі арқылы жаңарту сәтсіз аяқталғанда)

Тұспал

  • UPDATE түймесінің жыпылықтау саны жаңарту прогресіне байланысты өзгереді. UPDATE түймесі алғашында төрт рет жыпылықтайды және бір жыпылықтауға азайып отырады, содан соң жаңарту аяқталғанда өшеді. Жаңарту кезінде динамикті өшірмеңіз.

Ескерту

  • Әдетте, жаңарту 3-10 минут уақытқа созылады. Желі ортасына байланысты ұзағырақ уақытқа созылуы мүмкін.
  • Жаңарту барысында динамикті пайдаланбаңыз. Сондай-ақ, жаңарту барысында динамикті айнымалы ток адаптері арқылы айнымалы ток розеткасына және желіге қосулы ұстаңыз. Динамик тек бекітілген батарея арқылы ғана қуат алып тұрса, жаңарту орындалмайды.
  • Бағдарламаны жаңарту динамик АС розеткасына айнымалы ток адаптері арқылы қосылғанда ғана белсенді болады.
  • Интернет арқылы жаңарту барысында UPDATE түймесі төрт рет жыпылықтағанда UPDATE түймесін түртіп тұру арқылы жаңарту процедурасын тоқтатуға болады. (Бұл әрқашан қолдануға міндетті емес.) Жаңарту тоқтатылғаннан кейін динамик күту режиміне немесе BLUETOOTH/Желі күту режиміне автоматты түрде ауысады. Динамикті тоқтатқаннан кейін динамик жаңа бағдарламалық құрал нұсқасын қайта анықтағанда келесіде қосқанда UPDATE түймесі жанады.