Жеке дыбыс жүйесіSRS-X77

1-жаңарту әдісі: Интернет арқылы автоматты жаңарту

Интернетке сымды не Wi-Fi желісі арқылы қосылған динамикті пайдалансаңыз, динамик соңғы бағдарламаға автоматты түрде жаңарта алады.

Бұл мүмкіндік әдепкі бойынша өшірулі.

Бағдарламалық құралды автоматты түрде жаңарту

  • Смартфондағы/iPhone құрылғысындағы SongPal мүмкіндігін іске қосып, [Settings] мәзіріндегі [Time Zone] параметрін орнатыңыз.

    Динамиктің бағдарламалық құралды автоматты түрде жаңарту мүмкіндігі ([Auto Update]) іске қосылған. Егер [Auto Update] мүмкіндігі өшірулі болса, параметрді қосулы күйге орнатыңыз.

  • Жаңарту динамикті пайдаланбағанда (мысалы, түн ортасы) немесе динамик күту режимінде болғанда орындалады. Жаңарту барысында UPDATE түймесі қызғылт сары түсте жыпылықтап, жаңарту аяқталғанда өшеді. Динамикті жаңартқаннан кейін бірінші рет қосқанда UPDATE түймесі қызғылт сары түсте үш рет жыпылықтайды.

Бағдарламалық құралды автоматты түрде жаңарту мүмкіндігін өшіру

  • Смартфонға/iPhone құрылғысына орнатылған SongPal мүмкіндігі арқылы [Settings] мәзіріндегі [Auto Update] параметрін өшіріңіз.
  • Дегенмен, бұл функцияны өшірсеңіз де, маңызды өзгертулер үшін бағдарламалық құрал автоматты түрде жаңартылуы мүмкін.

Егер индикатор мен түйме келесі бөлімде көрсетілгендей жыпылықтаса

  • (қосу/күту) индикаторы қызыл түспен жыпылықтайды және UPDATE түймесі қызғылт сары түспен жыпылықтайды
  • Динамик өшірілгенде (қосу/күту) индикаторы қызыл түспен жыпылықтайды және UPDATE түймесі қызғылт сары түспен жыпылықтайды

Бағдарламалық құралды жаңарту мүмкін болмады.

Егер желі қосылымы сенімді болмаса, жаңарты аяқталуға дейін сәтсіз болуы мүмкін. USB флэш-жады арқылы жаңарту үшін келесі бөлімді қараңыз.

USB флэш-жады арқылы қолмен жаңарту (желі арқылы жаңарту сәтсіз аяқталғанда)

Тұспал

  • UPDATE түймесінің жыпылықтау саны жаңарту прогресіне байланысты өзгереді. UPDATE түймесі алғашында төрт рет жыпылықтайды және бір жыпылықтауға азайып отырады, содан соң жаңарту аяқталғанда өшеді. Жаңарту кезінде динамикті өшірмеңіз.
  • Динамик Интернетке сымды немесе Wi-Fi желісі арқылы қосылғанда, динамик жаңа бағдарламалық құрал нұсқасын тапқанда динамиктегі UPDATE түймесі қызғылт сары түсте жанады. (UPDATE түймесі әдетте өшірулі.)
  • Динамик жаңа бағдарламалық құрал нұсқасын тапқанда [Auto Update] параметрінен байланысты емес, UPDATE түймесі қызғылт сары түспен жанады.
  • [Auto Update] параметрі іске қосылса да, бағдарламалық құралды қолмен жаңартуға болады. «2-жаңарту әдісі: Интернет арқылы қолмен жаңарту» бөлімін қараңыз.

Ескерту

  • Әдетте, жаңарту 3-10 минут уақытқа созылады. Желі ортасына байланысты ұзағырақ уақытқа созылуы мүмкін.
  • Жаңарту барысында динамикті пайдаланбаңыз. Сондай-ақ, жаңарту барысында динамикті айнымалы ток адаптері арқылы айнымалы ток розеткасына және желіге қосулы ұстаңыз. Динамик тек бекітілген батарея арқылы ғана қуат алып тұрса, жаңарту орындалмайды.
  • Бағдарламаны жаңарту динамик АС розеткасына айнымалы ток адаптері арқылы қосылғанда ғана белсенді болады.
  • Интернет арқылы жаңарту барысында UPDATE түймесі төрт рет жыпылықтағанда UPDATE түймесін түртіп тұру арқылы жаңарту процедурасын тоқтатуға болады. (Бұл әрқашан қолдануға міндетті емес.) Жаңарту тоқтатылғаннан кейін динамик күту режиміне немесе BLUETOOTH/Желі күту режиміне автоматты түрде ауысады. Динамикті тоқтатқаннан кейін динамик жаңа бағдарламалық құрал нұсқасын қайта анықтағанда келесіде қосқанда UPDATE түймесі жанады.