Интернет арқылы ағынмен тасымалдау қызметі (Google Cast) арқылы музыка тыңдау
Интернетте смартфоныңыз/iPhone арқылы орнатылған SongPal бірге түрлі ағымда ойнату қызметтеріндегі музыканы тыңдай аласыз.
Келесі нұсқаулар Google Cast қосылған музыка бағдарламасын пайдалану әдісін түсіндіреді.
Google Cast туралы толық мәлімет алу үшін келесі URL мекенжайына өтіңіз:
http://www.google.com/cast/audio/learn/
Еліңізге және аймағыңызға байланысты музыка қызметтері мен олардың қол жетімділік уақыты өзгешеленуі мүмкін.
Бағдарламаның сипаттамасы мен дизайны ескертусіз өзгеруі мүмкін.
- Бағдарламаны іске қосу үшін смартфоныңыздағы/iPhone [SongPal] түртіңіз.
SongPal
- [SRS-X77] түртіңіз.
- [Settings] түртіңіз.
- [Google Cast] түртіңіз.
- [Learn how to cast] түртіңіз.
- Нұсқауларды қараңыз, содан соң Google Cast қосылған бағдарламасын тауып, смартфонға/iPhone құрылғысына орнатыңыз.
- Google Cast қосылған бағдарламасын іске қосыңыз.
- [SRS-X77] параметрін таңдау үшін Келтіру түймесін түртіңіз.
- Google Cast қосылған бағдарламада тыңдау үшін музыканы таңдаңыз.
Музыка динамиктен естіледі.
Ескерту
- Еліңізге не аймағыңызға байланысты музыка қызметтері мен олардың қол жетімділік уақыты өзгешеленуі мүмкін. Белгілі бір қызметтер үшін бөлек тіркеу қажет етіледі. Құрылғыны жаңарту талап етілуі мүмкін.
- Кейбір жағдайларда динамикті музыка қызметі арқылы белсендіру қажет болуы мүмкін. Музыка қызметінің бағдарламасындағы немесе SongPal нұсқауларын орындаңыз.
- Үшінші тарап ұсынған қызметтер қаралуы, тоқтатылуы және ескертусіз өшірілуі мүмкін. Sony осы үшін ешқандай жауапкершілік артпайды.