Жеке дыбыс жүйесіSRS-X88

USB флэш-жады арқылы қолмен жаңарту (желі арқылы жаңарту сәтсіз аяқталғанда)

Егер (қосу/күту) индикаторы қызыл түспен жыпылықтаса және UPDATE түймесі қызғылт сары түспен жыпылықтаса, бағдарламалық құрал жаңартуы орындалмайды.

Мұндай жағдайда динамик ешқандай әрекеттерге жауап бермейді және функцияларды пайдалану мүмкін емес ( (қосу/күту) түймесін қоспағанда). Динамиктің шартын зерттеу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз, содан соң бағдарламалық құрал жаңартуын тиісті әдіспен аяқтаңыз.

  1. Динамикті өшіру үшін (қосу/күту) түймесін түртіңіз, содан соң қайта қосу үшін түймені түртіңіз.
  2. Шамамен үш минут күтіңіз (не болмаса желі қосылымы орнатылғанша), содан соң UPDATE түймесінің және (қосу/күту) индикаторының шартын тексеріңіз.
    • UPDATE түймесі қызғылт сары түспен жанғанда: Жаңарту аяқталмады, бірақ динамикті қалыпты түрде пайдалануға болады. Динамикті қайта өшіріңіз, содан соң USB флэш жетегі арқылы бағдарламалық құрал жаңартуын аяқтау үшін келесі сілтемедегі нұсқауларды орындаңыз.

      3-жаңарту әдісі: USB флэш-жады арқылы қолмен жаңарту

    • UPDATE түймесі қызғылт сары түспен жыпылықтағанда және (қосу/күту) индикаторы қызыл түспен жыпылықтағанда (динамикті қайта қосқандағыдай): Жаңарту мүмкін болмады және динамикті пайдалану мүмкін емес. USB флэш-жады арқылы жаңарту үшін келесі бөлімге өтіңіз.

      Жаңарту процедурасы «3-жаңарту әдісі» бөлімінен өзгеше және келесі қадамдар қажет етіледі. Мұндай жағдайда жаңартуды желі арқылы орындау мүмкін емес.

  3. Егер UPDATE түймесі қызғылт сары түспен жыпылықтаса және (қосу/күту) индикаторы қызыл түспен жыпылықтаса, жаңарту үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
    1. Жаңарту файлын төмендегі веб-сайттан жүктеп, оны USB флэш-жадына сақтаңыз.

      Еуропадағы тұтынушылар үшін:

      http://www.sony.eu/support

      АҚШ тұтынушылары үшін:

      http://esupport.sony.com/US

      Канада тұтынушылары үшін:

      http://esupport.sony.com/CA/

      Басқа елдердегі/аймақтардағы тұтынушылар үшін:

      http://www.sony-asia.com/section/support

    2. Динамикті қайта өшіріңіз.

      Қинамикті өшіргеннен кейін келесі қадамдарды қуат қайта қосылғанша үш минутта аяқтаңыз.

    3. USB флэш-жадын динамиктің артқы жағындағы USB A портына ( A) қосыңыз.
    4. Динамикті қосыңыз.

      UPDATE түймесі жыпылықтап, жаңарту автоматты түрде басталады.

      UPDATE түймесі өшеді және динамик жаңарту аяқталғанда күту режиміне не BLUETOOTH/Желі күту режиміне автоматты түрде өтеді.

      Жаңартқаннан кейін динамикті бірінші рет қосқанда UPDATE түймесі үш рет жанады.

Тұспал

  • UPDATE түймесінің жыпылықтау саны жаңарту прогресіне байланысты өзгереді. UPDATE түймесі алғашында төрт рет жыпылықтайды және бір жыпылықтауға азайып отырады, содан соң жаңарту аяқталғанда өшеді. Жаңарту кезінде динамикті өшірмеңіз.

Ескерту

  • USB флэш-жады арқылы жаңартқанда жаңартуды тоқтату мүмкін емес. Егер жаңарту барысында USB флэш-жады алынса немесе динамик ажыратылса, динамик дұрыс жұмыс істемейді.
  • Әдетте, жаңарту 3-10 минут уақытқа созылады.
  • Жаңарту барысында динамикті немесе қашықтан басқару құрылғысын пайдаланбаңыз. Сондай-ақ, жаңарту барысында динамикті қуат көзіне және желіге қосулы ұстаңыз.