Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын зарядтау

Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын динамикке USB арқылы жалғау арқылы зарядтауға болады. Динамик АТ розеткасына қосылып тұрмаса да, оның кірістірілген батареясы USB құрылғысына қуат бере алады.

  1. Смартфон немесе iPhone сияқты USB құрылғысын USB кабелімен (сатып алуға болады) DC OUT ONLY портына (USB) жалғаңыз.

    Динамикті АТ розеткасына жалғаған кезде, жалғанған USB құрылғысы автоматты түрде зарядтала бастайды.

    Динамик қуатын тек кірістірілген батареядан алып тұрса, -қадамға өтіңіз.

  2. Динамикті қосыңыз.

    (қуат) индикаторы ақ түспен жанады* және USB құрылғысы зарядтала бастайды.

    * (қуат) индикаторының түсі дыбыс режиміне байланысты өзгереді. Мәлімет алу үшін мына тақырыпты қараңыз.
    Индикаторлар туралы мәлімет

Ескерту

  • Динамик басқа құрылғыға қуат беріп тұрғанда, қуатты автоматты түрде өшіру (Auto Standby) функциясы өшеді.

  • Динамик қуатын тек кірістірілген батареядан алып тұрса, динамик өшірілген кезде, жалғанған USB құрылғысын зарядтау тоқтайды.

  • Зарядтау индикаторы CHARGE индикаторы және (қуат) индикаторы баяу жыпылықтап тұрса, демек кірістірілген батарея заряды азайған және оны зарядтау қажет. Мұндай күйде динамик басқа құрылғыларға қуат бере алмайды.

  • USB кабелімен музыканы ойнату мүмкін емес.