Басып шығару

Қолданбаларды Google Play қызметінен жүктеу

Теледидарға қолданбаларды Google Play қызметінен смартфондар мен планшеттерге жүктегендей жүктеуге болады.

Ескерту

  • Теледидарлармен үйлесімді қолданбаларды ғана жүктеуге болады. Бұлар смартфондарға/планшеттерге арналған қолданбалардан өзгеше болуы мүмкін.
  • Қолданбаларды Google Play қызметінен жүктеу үшін Интернет қосылымы мен Google тіркелгісі қажет.

Нұсқау

  • Егер Google тіркелгісі болмаса немесе ортақ пайдаланылатын тіркелгіні жасау қажет болса, келесі веб-сайтқа өтіп, жаңа тіркелгі жасаңыз.
    https://accounts.google.com/signup
    Жоғарыдағы веб-сайт елге/аймаққа байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Мәліметтер алу үшін Google басты бетін қараңыз.
  • Компьютерде немесе мобильді құрылғыда Google тіркелгісін жасауды ұсынамыз.
  1. HOME түймесін басып, [Google Play Store] тармағын [Қолданбалар] бөлімінен таңдаңыз.
  2. Қолданбаны орнату үшін жүктеу қажет қолданбаны таңдаңыз. Қолданба жүктеуді бастайды.

Жүктелгеннен кейін қолданба автоматты түрде орнатылып, қосылады. Оның белгішесі Бастапқы мәзірде көрсетіліп, оны іске қосуға мүмкіндік береді.

Ақылы қолданбалар туралы

Google Play қызметінде тегін қолданбалар мен ақылы қолданбалар бар. Ақылы қолданбаны сатып алу үшін алдын ала төленген Google Play сыйлық картасының коды немесе кредит карта ақпараты қажет. Google Play сыйлық картасын әртүрлі бөлшек сауда сатушыларынан салып алуға болады.

Қолданбаны жою

  1. HOME түймесін басып, [Google Play Store] параметрін [Қолданбалар] бөлімі астынан таңдаңыз, содан соң [Қолданбаларым] параметрін таңдаңыз.
  2. Жойылуы тиіс қолданбаны таңдап, қолданбаны жойыңыз.