Басып шығару

DISCOVER түймесін пайдалану

Контентті (мысалы, теледидар бағдарламалары және Интернет контенті) іздеу үшін DISCOVER түймесін пайдалануға болады. DISCOVER түймесін басқанда көрсетілетін контент модельге/аймаққа/елге байланысты әртүрлі болады.


  1. DISCOVER түймесін басыңыз.
  2. Қажетті санатты таңдау үшін фокусты солға не оңға жылжытыңыз.
  3. Қажетті элементті таңдау үшін фокусты солға не оңға жылжытыңыз.
  4. Таңдалған элементті іске қосу үшін түймесін басыңыз.

Бұл функция параметрлерін өзгерту

  1. DISCOVER түймесін басыңыз.
  2. Фокусты төменге [Реттеулер] санатына жылжытыңыз.
  3. Параметрлерді өзгерту үшін қажетті санатты таңдаңыз.

Қолжетімді опциялар

[Санаттарды көрсету/жасыру]
DISCOVER бөлімінде көрсетілетін контент санаттарын таңдаңыз. [Реттеулер] бөлімін жасыру мүмкін емес.
Теледидар моделіне байланысты [Үздік] бөлімін жасыруға болады.
[Санаттардың ретін өзгерту]
Ретін өзгерту үшін контент санатын таңдаңыз.
[Арналарды «Таңдаулылар» бөліміне қосу]
Таңдаулы арналарды DISCOVER бөліміне қосыңыз.
[Жанр санаттарын қосу]
Реттелетін контент санатын жасау үшін жанрларды қосыңыз.
[Кілт сөз санаттарын қосу]
Реттелетін контент санатын жасау үшін кілт сөздерді қосыңыз.
[Дисплей өлшемі]
Мәзірдің дисплей өлшемін таңдаңыз.
[ТД бағдарламаларын сұрыптау]
Теледидар бағдарламасын сұрыптау түрін таңдаңыз.

Ескерту

  • Кейбір опциялар модельге/аймаққа/елге байланысты қолжетімді болмауы мүмкін.