3D суреттер көрсетілмейді. 3D әсері әлсіз. (тек 3D модельдері)
Қатысты параметр экранына өту үшін мәтін ішіндегі таңдаңыз.
3D модельдерінде [Параметрлер] — [Дисплей] тармағында [3D параметрлері] бар.
- Егер екі сурет қатарласып көрсетілсе, ACTION MENU түймесін басыңыз, содан соң [3D] — [3D көрсетілімі] — [3D (Іргелес)] параметрін таңдаңыз.
Егер екі сурет бірінің үстінен бірі көрсетілсе, ACTION MENU түймесін басыңыз, содан соң [3D] — [3D көрсетілімі] — [3D (Жоғары-Төмен)] параметрін таңдаңыз. - Егер [3D көрсетілімі] экраны көрсетілсе және 3D суреттер көрсетілмесе, 3D контентті ойнататын құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз.
- Қабылданатын 3D әсер әр адамда әр түрлі болуы мүмкін.
4K модельдері үшін
- 4K ажыратымдылығы бар 3D сигналы көрсетілмейді.
- Пассивті 3D көзілдірігі үлгілері үшін теледидарды алдынан қараңыз. 3D әсері көру қалпына байланысты онша анық болмауы мүмкін. Көру бұрышын экранға реттеңіз.
Активті 3D көзілдірігі үлгілеріне арналған
- Теледидар мен Активті 3D көзілдірігі арасында кедергілер жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
- Активті 3D көзілдірігі ішіндегі батареяны ауыстырыңыз.
- Активті 3D көзілдірігінің қосылғанына көз жеткізіңіз.
- Активті 3D көзілдірігін пайдаланбас бұрын оны теледидарға тіркеу қажет. Көзілдірікті басқа теледидармен пайдалану үшін қайта тіркелуіңіз қажет. Қайта тіркелмес бұрын көзілдірікті өшіріңіз.
- Теледидардың 2,4 ГГц ауқымын пайдалануына байланысты, сымсыз құрылғылар немесе микротолқынды пештер 3D көзілдірік және теледидар арасындағы байланысқа әсер етеді. Мұндай жағдайда, қайта тіркеліп көріңіз.
- 3D режимімен үйлесімді емес құрылғы (үй театр жүйесі сияқты) теледидар мен 3D-үйлесімді құрылғы арасында қосылған болса, теледидар 3D суреттерді көрсетпейді. 3D үйлесімді құрылғыны HDMI логотипі бар рұқсат етілген HIGH SPEED HDMI кабелімен теледидарға тікелей қосыңыз.