Бейне немесе дыбыс кейде үзіледі.
- Өзге сымсыз LAN құрылғылары немесе микротолқынды пештер сияқты радио толқындарды шығаратын құрылғылар сымсыз LAN қолданатын Экран көшірмесін көрсету функциясына кедергі келтіруі мүмкін. Теледидар немесе Sony Экран көшірмесін көрсету мүмкіндігімен үйлесімді құрылғыларды (мысалы, Xperia смартфонының кейбір модельдері) осындай құрылғылардан алшақ ұстаңыз немесе мүмкін болса өшіріп тастаңыз.
- Ақпарат алмасу жылдамдығы құрылғылар арасындағы қашықтық немесе кедергілерге, құрылғы конфигурациясына, радио толқын күйіне, желінің бос немесе жиі қолданылуына немесе құрылғы түріне байланысты өзгеруі мүмкін. Байланыс радио толқын күйіне байланысты үзіліп қалуы да мүмкін.