Алдын ала орнатылған бағдарламаны жаңарту
Бағдарламалық құралдың жаңа нұсқасы шыққанда динамиктің алдын ала орнатылған бағдарламалық құралын келесі үш әдістің біреуі арқылы жаңартуға болады.
Бағдарламаны жаңарту арқылы ыңғайлы әрі тұрақты пайдалану тәжірибесін ұсынатын жаңа мүмкіндіктер қосылады.
- 1-жаңарту әдісі: Интернет арқылы автоматты жаңарту
Динамик Интернетке қосылғанда ол жаңа бағдарламалық құрал нұсқасын тауып, динамикті пайдаланбағанда автоматты түрде жаңарта алады. Бұл мүмкіндікке динамиктің параметрлері жасалғаны қажет.
- 2-жаңарту әдісі: Интернет арқылы қолмен жаңарту
Динамик Интернетке қосылғанда ол жаңа бағдарламалық құрал нұсқасын таба алады және тапса, сізге хабарлау үшін UPDATE түймесін қызғылт сары түсте жағады. Бұл әдепкі параметр.
- 3-жаңарту әдісі: USB флэш-жады арқылы қолмен жаңарту
Динамик Интернетке қосылмағанда жаңарту файлын жүктеу үшін компьютерді немесе басқа құрылғыны пайдаланыңыз, содан соң оны динамикке орнатыңыз.
Тұспал
- Бағдарламалық құралды жаңарту аяқталғаннан кейін UPDATE түймесі өшіп, динамик күту режиміне немесе BLUETOOTH/Желі күту режиміне автоматты түрде ауысады. Динамикті жаңартқаннан кейін бірінші рет қосқанда UPDATE түймесі қызғылт сары түсте үш рет жыпылықтайды.