Индикаторлар туралы

CHARGE индикаторы (қызғылт-сары)

Өшеді (динамик өшірілгенде) Динамикті зарядтау аяқталды.
Жанады (қызғылт-сары) (динамик өшірілгенде) Динамик зарядталуда.
Баяу жыпылықтайды (қызғылт-сары) (динамик қосылғанда) Кіріктірілген батарея қуаты аз және зарядтауды қажет етеді.
Үш рет жыпылықтап (қызғылт-сары) өшеді Егер CHARGE индикаторы үш рет қызғылт-сары түспен жыпылықтаса және динамикті қосқанда өшіп қалса, батарея қуаты біткен және зарядтау қажет.

Ескерту

  • Динамик USB айнымалы ток адаптеріне жалғанған болса, CHARGE индикаторының жанбай тұрғанына қарамастан қолданыстағы динамик зарядтала береді. Мұндай жағдайда пайдалану жағдайларына байланысты батарея ұзағырақ зарядталуы мүмкін. Сондықтан зарядтау кезінде динамикті өшіріп қойған жөн.
  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт бойы пайдаланған кезде, тіпті ол айнымалы ток көзіне жалғанған болса да, батарея қуаты төмендеуі мүмкін. Нәтижесінде дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақау емес. Динамикті өшіріп, батареяны толық сыйымдылығына дейін зарядтаңыз.

(қуат) индикаторы

Өшеді Динамик өшіріледі.
Жанады (жасыл) Динамик іске қосылды.
Жанады (қызғылт-сары) Динамик BLUETOOTH күту режимінде тұр.
Бір рет жыпылықтайды (жасыл) /+ (дыбыс деңгейі) түймесін басқан сайын, индикатор бір рет жыпылықтайды.
Үш рет жыпылықтайды (жасыл) Дыбыс деңгейі ең төмен немесе ең жоғары деңгейіне орнатылған.

(BLUETOOTH) PAIRING индикаторы (ақ)

Жанады (ақ) Динамик BLUETOOTH құрылғыға қосылған.
Тез жыпылықтайды (ақ) Динамик жұптастыру режиміне өтеді.
Баяу жыпылықтайды (ақ) Динамик қосылатын BLUETOOTH құрылғысын іздеуде.

L индикаторы (ақ)

Жыпылықтайды Динамикті қосу функциясы режиміне динамик өтеді.
Жанады Динамикті қосу функциясының стерео режимі қосылған кезде, динамик сол жақ динамик болып істейді.
Динамикті қосу функциясының қос режимі қосылған кезде, динамик монофондық динамик болып істейді.

R индикаторы (ақ)

Жыпылықтайды Динамикті қосу функциясы режиміне динамик өтеді.
Жанады Динамикті қосу функциясының стерео режимі қосылған кезде, динамик оң жақ динамик болып істейді.
Динамикті қосу функциясының қос режимі қосылған кезде, динамик монофондық динамик болып істейді.

EXTRA BASS индикаторы (ақ)

Жанады Күшейтілген баспен (Sony ұсынған дыбыс сапасы) тыңдауға болады. Бұл режим әдепкі параметр ретінде орнатылды.
Өшеді Төмендетілген баспен табиғи дыбысты тыңдауға болады. Бұл режим бөлменің ішінде төмен дыбыспен тыңдағанда ұсынылады.