Пайдаланған кезде дыбыс деңгейі төмендейді
- CHARGE индикаторы сарғылт түспен баяу жыпылықтаса, батарея қуатының төмендегенін білдіреді. Динамикті айнымалы ток көзіне жалғаңыз немесе оны өшіріп, батареяны жеткілікті деңгейге дейін зарядтаңыз.
- Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, тіпті ол айнымалы ток көзіне жалғанған болса да батарея қуаты төмендеуі мүмкін. Нәтижесінде дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақау емес. Динамикті өшіріп, батареяны толық сыйымдылығына дейін зарядтаңыз.

