Динамикті қосу немесе ішкі батареяны зарядтау мүмкін емес

  • Ішкі батареяны зарядтаңыз.
  • micro-USB кабелі динамикке және компьютерге жақсылап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
  • USB айнымалы ток адаптерін (жинақта берілмеген) пайдаланғанда, micro-USB кабелінің динамик пен USB айнымалы ток адаптеріне мықтап қосылғанына көз жеткізіңіз. Бұған қоса, USB айнымалы ток адаптерінің электр розеткасына мықтап қосылғанына көз жеткізіңіз.
  • USB айнымалы ток адаптерін (жинақта берілмеген) пайдаланғанда, USB айнымалы ток адаптерінде 500 мА немесе одан жоғары шығару мүмкіндігі бар екенін тексеріңіз. 500 мА шамасынан аз шығару мүмкіндігіне ие USB айнымалы ток адаптерінен зарядтауға кепілдік берілмейді.