Динамикті зарядтау
Динамикте зарядталмалы литий-иондық батарея бар, бірінші рет пайдаланбастан бұрын, оны 1 сағаттан аса зарядтап алу керек.
- Динамиктің өшкеніне көз жеткізіңіз.
- Динамикті қосулы компьютерге немесе айнымалы ток көзіне қосып зарядтаңыз.
- Қосулы компьютерден зарядтаған кезде
micro-USB кабелін (жинақта берілген) динамикке жалғаңыз, ал екінші ұшын қосулы компьютерге жалғаңыз.
- Айнымалы ток көзінен зарядтағанда
micro-USB кабелін (жинақта берілген) динамикке жалғаңыз, ал екінші ұшын USB айнымалы ток адаптеріне (жинақта берілмеген) жалғаңыз да, USB айнымалы ток адаптерін электр розеткасына қосыңыз.
Зарядтау кезінде CHARGE индикаторы қызғылт-сары болып жанады. Шамалас зарядтау уақыты жалғанған USB құрылғысының шығыс қуатының сыйымдылығына байланысты өзгереді. Төмендегі уақыт сыртқы ортаның температурасына немесе қолдану шарттарына байланысты өзгеше болуы мүмкін.
- 1,5 А шығаруға мүмкіндігі бар USB құрылғысын жалғағанда: шамамен 4 сағат*1 (ұсынылады)
- 500 мА шығаруға мүмкіндігі бар USB құрылғысын жалғағанда: шамамен 12 сағат*1
Зарядтау аяқталған соң, CHARGE индикаторы өшеді.
Динамик өшіріліп, USB құрылғысына қосылған кезде, CHARGE индикаторы өшірулі күйінде қалса, ішкі литий-иондық батарея толық зарядталады. Толық зарядталғаннан кейін динамик USB құрылғысына қосулы күйде қалса да, батарея зарядталмайды.
*1Динамик өшірулі кезде, бос батареяны толық сыйымдылығына дейін зарядтауға жұмсалатын уақыт.
- Қосулы компьютерден зарядтаған кезде
Батареяны пайдалану мерзімі (BLUETOOTH байланысын пайдаланғанда)
Шамамен 12 сағат*2.
Жоғарыда көрсетілген уақыт сыртқы ортаның температурасына немесе қолдану шарттарына байланысты өзгеше болуы мүмкін.
*2 Көрсетілген музыка көзі пайдаланылған кезде, BLUETOOTH құрылғысы максималды дыбыс деңгейіне орнатылады, ал динамиктің дыбыс деңгейі 21 мәніне орнатылып, динамиктің жарықтандыру функциясы өшеді. Динамиктің дыбыс деңгейі максималды деңгейге орнатылса, батареяның қызмет көрсету уақыты 3 сағат болады.
Зарядталмалы батареяның заряд деңгейін тексеру
Динамик қосулы кезде батареяның қуатын тексеру үшін
(қоңырау) түймесін басқан немесе 3 секундтан аса басып тұрған соң, «Fully charged/About 70%/About 50%/About 20%/Please charge» (Толық зарядталған/Шамамен 70%/Шамамен 50%/Шамамен 20%/Зарядтаңыз) дауыстық нұсқауы динамиктен шығады.
Батарея аз қалғанда
- Дауыстық нұсқауда «Please charge» (Зарядтаңыз) деп айтылып, CHARGE индикаторы баяу қызғылт-сары болып жанып тұрса, батарея қуаты азайған және зарядтауды қажет етеді.
- Егер дауыстық нұсқауда «Please charge» (Зарядтаңыз) деп айтылып, CHARGE индикаторы 3 рет қызғылт-сары болып жанса және динамикті қосқанда өшіп қалса, батарея қуаты біткен және зарядтау қажет.
USB арқылы зарядтау үшін компьютердің ұсынылатын жүйесі
Windows® 10, Windows® 8.1, Windows® 8, Windows® 7 SP1, Mac OS X (нұсқа: 10.6 - 10.12)
- Жоғарыда көрсетілген жүйедегі барлық компьютерлерде пайдалануға кепілдік берілмейді.
- Үй компьютерінде пайдалану кепілдікке кірмейді.
Тұспал
- Динамик қосулы компьютерге немесе айнымалы ток көзіне USB айнымалы ток адаптері (жинақта берілмеген) арқылы жалғанған болса, CHARGE индикаторының жанбай тұрғанына қарамастан, қолданыстағы динамик зарядтала береді. Мұндай жағдайда пайдалану жағдайларына қарай бұл — динамикті өшірулі күйінде зарядтаумен салыстырғанда ұзағырақ уақыт алуы мүмкін. Сондықтан зарядтау кезінде динамикті өшіріп қойған жөн.
Ескерту
- Динамикті жоғарғы дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, тіпті ол қосулы компьютерге жалғанған болса да, батарея қуаты азаюы мүмкін. Динамикті зарядтау кезінде пайдаланатын болсаңыз, дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Әйтпесе динамикті өшіріп, батареяны жеткілікті зарядтаңыз.
- Динамикті жоғарғы дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт пайдаланған кезде, тіпті ол қосулы компьютерге жалғанған болса да, батарея қуаты азаюы мүмкін. Соның салдарынан дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақау емес. Динамикті өшіріп, батареяны жеткілікті зарядтаңыз.
- USB кабелін жалғап/ажыратып, қуат көзін қосулы компьютер/айнымалы ток көзі және батарея арасында ауыстырып қосқан кезде, динамиктен кішкене уақыт дыбыс шықпай қалуы мүмкін. Бұл ақау емес.
- Динамикті бірінші рет пайдаланған кезде, оны қосудан бұрын батареясын 1 сағаттан аса зарядтап алуды ұмытпаңыз.
- Тым суық немесе ыстық ортада қауіпсіздік үшін зарядтау тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кететін болса, бұл динамиктің зарядталуын тоқтатады. Осындай жағдайларда CHARGE индикаторы қызғылт-сары болып жыпылықтай береді, бірақ бұл ақау емес. Бұл мәселелерді шешу үшін micro-USB кабелін динамиктен ажыратып, оны 5°C және 35°C арасындағы жұмыс температурасында жалғаңыз.
- Су шашырауы мүмкін жерлерде зарядтамаңыз.
- Динамикті ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз да, батареяны 6 айда бір рет жеткілікті зарядтап, оның өнімділігін сақтаңыз.

