Басып шығару

Аудио жүйесін қосу

AV ресивері немесе дыбыстық тақта сияқты аудио жүйені қосу үшін төмендегі суреттерді қараңыз. Қосылымды аяқтағаннан кейін аудио параметрлерін теледидар дыбысын аудио жүйесі арқылы ойнатуға конфигурациялаңыз (беттің төменгі бөлігіндегі қатысты бөлім сілтемесін қараңыз).

ARC мүмкіндігі бар аудио жүйесін HDMI кабелімен пайдалану

Егер аудио жүйесінде HDMI шығыс штепсельдер (сокеттері) болса, теледидарды аудио жүйесіне HDMI кабелі арқылы қосуға болады.

  1. AV ресивері немесе дыбыстық тақта
  2. HDMI кабелі (бірге берілмейді)*

*HDMI логотипі бар рұқсат етілген HIGH SPEED HDMI кабелін пайдаланыңыз.

Нұсқау

  • BRAVIA Sync үйлесімді цифрлық аудио жүйесін Audio Return Channel (ARC) технологиясымен қосқанда, оны HDMI кабелінде «ARC» белгісімен белгіленген HDMI IN штепселіне (сокеті) қосыңыз. Дегенмен, BRAVIA Sync үйлесімді емес немесе Audio Return Channel мүмкіндігі жоқ жүйені қоссаңыз, теледидарды аудио жүйесіне DIGITAL AUDIO OUT (OPTICAL) штепселі (сокеті) арқылы қосу керек.
  • Басқа құрылғыларды қосу және орнату бойынша мәліметтер үшін аудио жүйесінің нұсқаулығын көріңіз. Егер аудио жүйесі Dolby Digital немесе DTS жүйелерімен үйлесімсіз болса, [Параметрлер] — [Дыбыс] — [Сандық аудио шығуы] опциясын [PCM] күйіне орнатыңыз.

Ескерту

  • ARC параметрін қолдайтын HDMI портының орны модельге байланысты әртүрлі. Анықтама нұсқаулығы бөлімін қараңыз.

Оптикалық аудио кабелін пайдалана отырып, ARC мүмкіндігі жоқ аудио жүйесін қосу

Теледидардың аудио шығысын аудио жүйеге оптикалық аудио кабелі арқылы қосуға болады.

  1. AV ресивері немесе дыбыстық тақта
  2. Оптикалық аудио кабель (бірге берілмейді)

Нұсқау

  • Басқа құрылғыларды қосу және орнату бойынша мәліметтер үшін аудио жүйесінің нұсқаулығын көріңіз. Егер аудио жүйесі Dolby Digital немесе DTS жүйелерімен үйлесімсіз болса, [Параметрлер] — [Дыбыс] — [Сандық аудио шығуы] опциясын [PCM] күйіне орнатыңыз.

Аудиокабель арқылы аудиожүйені қосу

Теледидардың аудио шығысын аудио жүйеге стерео - RCA аналогтық аудио кабелі арқылы қосуға болады.

  1. AV ресивері немесе дыбыстық тақта
  2. Аудио кабелі (бірге берілмейді)

Нұсқау

  • Өзге құрылғыларды жалғауға қатысты мәліметті алу және баптау үшін дыбыс жүйесінің нұсқаулығын қараңыз. Егер аудио жүйесі Dolby Digital немесе DTS жүйелерімен үйлесімсіз болса, [Параметрлер] — [Дыбыс] — [Сандық аудио шығуы] опциясын [PCM] күйіне орнатыңыз.