Аудио жүйесіне қатысты параметрлерді реттеу
Қатысты параметр экранына өту үшін мәтін ішіндегі таңдаңыз.
HDMI байланысын не оптикалық аудио байланысын пайдаланғанда
- Теледидарды аудио жүйесіне қосқаннан кейін ACTION MENU түймесін басыңыз, содан соң [Зорайтқыштар] — [Аудио жүйе] параметрін таңдаңыз.
- Жалғанған аудио жүйені қосып, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Егер BRAVIA Sync үйлесімді құрылғыны HDMI қосылымымен қоссаңыз, оны жай ғана теледидардың қашықтан басқару құралымен басқаруға болады.
Ескерту
Аудио кабель байланысын пайдаланғанда
- Теледидарды аудио жүйесіне қосқаннан кейін HOME түймесін басыңыз, содан соң [Параметрлер] — [Дыбыс] — [Құлақаспап/аудио шығысы] — [Аудио шығуы (бекітілген)] параметрін таңдаңыз.
- Жалғанған аудио жүйені қосып, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Нұсқау
- Сыртқы аудио жүйені пайдаланғанда, [Құлақаспап/аудио шығысы] параметрі [Аудио шығуы (өзгермелі)] күйіне орнатылған болса, теледидардың аудио шығысын теледидардың қашықтан басқару құралымен басқаруға болады. HOME түймесін басыңыз, содан соң [Параметрлер] — [Дыбыс] — [Құлақаспап/аудио шығысы] — [Аудио шығуы (өзгермелі)] параметрін таңдаңыз.
- Сабвуферді қосқанда HOME түймесін басыңыз, содан соң [Параметрлер] — [Дыбыс] — [Құлақаспап/аудио шығысы] — [Сабвуфер] параметрін таңдаңыз.