Көмекші нұсқаулық

1-түрі: Wi-Fi Protected Setup™ (WPS) параметрімен қорғалған желі

Сымсыз LAN роутерінде WPS түймешігін басқан кезде, WPS стандарты сымсыз үй желісінің қауіпсіздігін орнатады. Сымсыз LAN роутерін орнатпас бұрын, роутердегі WPS түймешігінің орнын тексеріп, оның пайдаланылу әдісін тексеріңіз.

Қауіпсіздік мақсаты үшін, [WPS (ЖИН)] сіздің роутеріңізге арналған ЖИН кодымен қамтамасыз етеді. Сіз [WPS (ЖИН)] таңдаған сайын, ЖИН коды жаңартылады.

  1. HOME түймесін басыңыз [Жүйелік реттеулер] [Орнату] [Желі] [Желіні орнату] тармағын таңдаңыз.
  2. IP мекенжайын орнату/Прокси сервері:
    • автоматты түрде орнату:
      [Желі байланысын орнату] [Оңай]
    • қолмен орнату:
      [Желі байланысын орнату] [Егжей-тегжейлі] [Сыммен орнату] немесе [Wi-Fi орнату]
  3. Басу түймешігіне арналған [WPS (Басу түймешігі)] немесе ЖИН әдісіне арналған [WPS (ЖИН)] параметрін таңдаңыз.
    Ескертпе
    • WPS түймешігінің аты роутерге (яғни AOSS түймешігіне) байланысты әртүрлі болады.
  4. Орнату экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
Ескертпе
  • Егер желіні орнату үшін WPS параметрін пайдалансаңыз, сымсыз LAN роутерінің қауіпсіздік параметрлері іске қосылады және қауіпсіз емес күйдегі сымсыз LAN роутеріне бұған дейін қосылған кез келген жабдық желіден ажыратылады.
    Осындай жағдайда ажыратылған жабдықтың қауіпсіздік параметрлерін белсендіріңіз және содан кейін оны қайта қосыңыз. Немесе сымсыз LAN роутерінің қауіпсіздік параметрлерін өшіріп, содан кейін жабдықты қауіпсіз емес күйде теледидарға қоса аласыз.
  • Желіні IPv6 басымдылығы арқылы пайдалану үшін, [Жүйелік реттеулер] [Орнату] [Желі] [IPv6/IPv4 басымдылығы] [IPv6] тармағын таңдаңыз, содан кейін [Желі байланысын орнату] параметріндегі [Оңай] тармағын таңдаңыз.
  • IPv6 басымдылығы таңдалған кезде, HTTP проксиді орнатуға болмайды.