Көмекші нұсқаулық

Экран көшірмесін көрсету функциясын пайдалану

Экран көшірмесін көрсету функциясы үйлесімді құрылғының (мысалы, смартфондардың) экранын Miracast технологиясы арқылы теледидардың үлкен экранында көрсетеді.

Бұл функцияны пайдалану үшін сымсыз маршрутизатор (немесе қатынас нүктесі) қажет емес.

Контентті ортақ пайдалану сурету
  1. Смартфон
  2. Планшет
  3. Компьютер
  1. INPUT/TEXT HOLD түймесін басыңыз [Экран көшірмесін көрсету] тармағын таңдаңыз.
  2. Теледидарға қосылу үшін Экран көшірмесін көрсету функциясымен үйлесімді құрылғыны пайдаланыңыз. Жалғанғаннан кейін құрылғы экраны ТД көрсетіледі.

Жалғанған құрылғыларды тіркеу/тіркеуден шығару

Экран көшірмесін көрсету функциясының күту режиміндегі экраны көрсетілген кезде OPTIONS түймешігін басып, [Жабдық тізімін көрсету / Өшіру] опциясын таңдаңыз.

Құрылғыны тіркеуден шығару үшін тізімнен жойылатын құрылғыны таңдап, түймешігін басыңыз ENTER түймешігі. Содан соң, растау терезесінен [Иə] пәрменін таңдаңыз.

Құрылғыны теледидарға жалғау әрекеті кезінде тіркеу хабарландыруын көрсету

Бұл функцияны іске қосу қажетсіз құрылғының жалғануына жол бермеуі мүмкін.

Экран көшірмесін көрсету функциясының күту режиміндегі экраны көрсетілген кезде OPTIONS түймешігін басыңыз да, [Тіркеу хабарламасы] [Қосулы] опциясын таңдаңыз.

Құрылғының тіркеу сұрауын қабылдамаған кезде, оны құрылғылар тізімінен жоймайынша, құрылғыны жалғай алмайтыныңызды ескеріңіз.

Диапазон параметрін өзгерту (мамандарға арналған)

Экран көшірмесін көрсету функциясының күту режиміндегі экраны көрсетілген кезде OPTIONS түймешігін басып, [Диапазон параметрі] опциясын таңдаңыз.

Ескертпе
  • Құрылғыларды жалғау кезінде келесі шарттар орындалуы керек:
    • Экран көшірмесін көрсету мүмкіндігімен үйлесімді құрылғылар:
      2,4 ГГц қосылымы (5 ГГц жиілігіне қолдау көрсетілмейді).
  • Құрылғының қолдау көрсететін сымсыз диапазоны туралы ақпарат алу үшін құрылғының нұсқаулығын қараңыз.