Аудио және бейне жабдықтарын пайдалану
- Жалғанған жабдықты қосыңыз.
- Кіріс көзін көрсету үшін
басып, қалаған кіріс көзін таңдаңыз.
Егер ешқандай әрекетсіз 5 секунд өтсе, бөлектелген элемент таңдалады.
Ескертпе
- Аудио қайтару арнасы (ARC) технологиясымен үйлесімді емес сандық аудио жүйесін HDMI кабелі арқылы пайдаланған кезде, сандық дыбысты шығару үшін DIGITAL AUDIO OUT (OPTICAL)* шығуына оптикалық кабельді жалғау керек.
- HDMI кабелімен жалғаған кезде, кабель түрінің логотипі көрсетілген HighSpeed HDMI кабелін (SONY ұсынатын кабель) пайдаланыңыз.
- Моно жабдықты жалғаған кезде аудио кабелін L (моно) ұяшығына жалғаңыз.
- Тек шектелген аймақта/елде/ТД үлгісі.
BRAVIA Sync құрылғыларын пайдалану
Теледидарды BRAVIA Sync функциясымен үйлесімді жабдыққа жалғаған кезде оларды бірге басқаруға болады.
Алдын ала қажетті параметрлерді реттеуді ұмытпаңыз. BRAVIA Sync басқ. параметрлері теледидарда да, жалғанған жабдықта да реттелуі керек. Теледидар жағындағы параметрлерді реттеу туралы ақпаратты [BRAVIA Sync баптаулары] бөлімінен қараңыз. [BRAVIA Sync баптаулары]
Жалғанған жабдық жағындағы параметрлерді реттеу туралы жабдықтың жұмыс істеу бойынша нұсқаулығын қараңыз.
SYNC MENU
BRAVIA Sync мәзірін көрсету үшін SYNC MENU батырмасын басыңыз, содан кейін [Құрылғыны таңдау] мәзірінде жалғанған HDMI жабдығын таңдаңыз.
BRAVIA Sync мәзірінен келесі опцияларды таңдауға болады.
- Жабдықты басқару:
- BRAVIA Sync басқ. функциясымен үйлесімді жабдықты пайдалану үшін [Жабдықты басқару] функциясын пайдаланыңыз. Жабдықты пайдалану үшін [Басты бет (Мəзір)], [Опциялар], [Мазмұн тізімі] және [Қуат өшіру] мәзірлерінен опцияларды таңдаңыз.
- Зорайтқыштар:
- Теледидардың дыбысын теледидар зорайтқыштарынан немесе жалғанған дыбыс жабдығынан шығару үшін [ТД зорайтқыштары] немесе [Аудио жүйесі] опциясын таңдайды.
- ТД басқаруы:
- Теледидарды [Басты бет (Мәзір)] немесе [Опциялар] мәзірінен пайдалану үшін [ТД басқаруы] мәзірін пайдаланыңыз.
- ТД-ға оралу:
- Теледидар бағдарламасына оралу үшін осы опцияны таңдаңыз.
Компьютер видео сигналының сипаттамалары
(Ажыратымдылық, көлденеңінен жиілік/тігінен жиілік)
- 640 x 480, 31,5 кГц/60 Гц
- 800 x 600, 37,9 кГц/60 Гц
- 1024 x 768, 48,4 кГц/60 Гц
- 1152 x 864, 67,5 кГц/75 Гц
- 1280 x 720, 44,8 кГц/60 Гц*1*2
- 1280 x 1024, 64,0 кГц/60 Гц
- 1600 x 900, 55,9 кГц/60 Гц
- 1680 x 1050, 65,3 кГц/60 Гц
- 1920 x 1080, 67,5 кГц/60 Гц*2
- Үлгіге байланысты қолдау көрсетілмейді.
- HDMI кірісіне қолданған кезде 1080p және 720p уақыт реттеуі Экран пішімінің ДК уақыт реттеуі емес бейне уақыты реттеуі ретінде өңделеді.
Басқа бейне кіріс сигналдары
Төмендегі бейне пішімдері компьютердің сипаттамаларына байланысты көрсетілуі мүмкін.
- 480p, 480i
- 576p*1, 576i*1
- 720/24p
- 720p/30 Гц, 720p/50 Гц*1, 720p/60 Гц
- 1080i/50 Гц*1, 1080i/60 Гц
- 1080/24p
- 1080p/30 Гц, 1080p/50 Гц*1, 1080p/60 Гц
- 3840 x 2160p/24 Гц, 3840 x 2160p/25 Гц*1, 3840 x 2160p/30 Гц (тек 4K модельдері)
- 3840 x 2160p/50 Гц*1*3, 3840 x 2160p/60 Гц*3 (тек 4K модельдері)
- 4096 x 2160p/24 Гц*2 (тек 4K модельдері)
- 4096 x 2160p/50 Гц*1*2*3, 4096 x 2160p/60 Гц*2*3 (тек 4K модельдері)
- Аймаққа/елге байланысты берілмеген.
- 4096 x 2160p кіріс болса және [Экран форматы] опциясы [Қалыпты] күйіне орнатылса, ажыратымдылық 3840 x 2160p ретінде көрсетіледі.
4096 x 2160p көрсету үшін [Экран форматы] параметрін [Толық 1] немесе [Толық 2] күйіне орнатыңыз. - Моделіне байланысты тек HDMI IN 2/3 арқылы қолдау көрсетіледі.
Ескертпе
- 1920 x 1080/60 Гц шығысы компьютерге байланысты қолжетімді болмауы мүмкін. 1920 x 1080/60 Гц шығысы таңдалса да, нақты шығыс сигналы басқаша болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, компьютердің параметрлерін өзгертіңіз, содан соң компьютерді басқа видео сигналына орнатыңыз.