Көмекші нұсқаулық

2-түрі: Wi-Fi Protected Setup™ (WPS) параметрінсіз қорғалған желі

Сымсыз LAN орнату үшін, SSID (сымсыз желі аты) және қауіпсіздік кілті (WEP немесе WPA кілті) талап етіледі. Егер сіз оларды білмесеңіз, роутерге арналған пайдалану нұсқаулығын оқыңыз.

  1. HOME түймесін басыңыз [Жүйелік реттеулер] [Орнату] [Желі] [Желіні орнату] тармағын таңдаңыз.
  2. IP мекенжайын орнату/Прокси сервері:
    • автоматты түрде орнату:
      [Желі байланысын орнату] [Оңай]
    • қолмен орнату:
      [Желі байланысын орнату] [Егжей-тегжейлі] [Сыммен орнату] немесе [Wi-Fi орнату]
  3. [Сканерлеу] тармағын таңдап, содан кейін сканерленген сымсыз желілер тізімінен желіні таңдаңыз.
  4. Орнату экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
Ескертпе
  • Желіні IPv6 басымдылығы арқылы пайдалану үшін, [Жүйелік реттеулер] [Орнату] [Желі] [IPv6/IPv4 басымдылығы] [IPv6] тармағын таңдаңыз, содан кейін [Желі байланысын орнату] параметріндегі [Оңай] тармағын таңдаңыз.
  • IPv6 басымдылығы таңдалған кезде, HTTP проксиді орнатуға болмайды.
  • Құпия сөзді енгізген кезде, қоршаған ортаңыз қауіпсіз екендігіне көз жеткізіңіз.