Көмекші нұсқаулық

4-түрі: Сымды желіні орнату

Қажет болған жағдайда, роутерге арналған тиісті әріптік-сандық мәндерді енгізіңіз. Орнатылуы қажет элементтер (мысалы, IP мекенжайы, ішкі желі маскасы, DHCP) интернет қызметінің провайдеріне немесе роутерге байланысты әртүрлі болады. Толық мәлімет алу үшін, интернет қызметінің провайдері берген нұсқаулықты немесе роутермен бірге берілген нұсқаулықты қараңыз.

  1. HOME түймесін басыңыз [Жүйелік реттеулер] [Орнату] [Желі] [Желіні орнату] тармағын таңдаңыз.
  2. IP мекенжайын орнату/Прокси сервері:
    • автоматты түрде орнату:
      [Желі байланысын орнату] [Оңай]
    • қолмен орнату:
      [Желі байланысын орнату] [Егжей-тегжейлі] [Сыммен орнату] немесе [Wi-Fi орнату]
  3. Орнату экранындағы нұсқауларды орындаңыз.

[Желіні орнату] параметрін [Авто іске қосу] мәзірінен автоматты түрде орнатуға болады.

Ескертпе
  • Сымды/сымсыз желінің автоматты конфигурациясына мүмкіндік береді.
    • LAN кабелі арқылы қосу кезінде: Сыммен
    • Ішіне салынған сымсыз LAN арқылы қосу кезінде: Сымсыз
    • Осы кабельдердің екеуімен де қосу кезінде: Сыммен
  • [Оңай] параметріне орнатқан кезде, IP мекенжайы автоматты түрде орнатылады. Прокси-сервер үшін қолданылмайды.
  • Желіні IPv6 басымдылығы арқылы пайдалану үшін, [Жүйелік реттеулер] [Орнату] [Желі] [IPv6/IPv4 басымдылығы] [IPv6] тармағын таңдаңыз, содан кейін [Желі байланысын орнату] параметріндегі [Оңай] тармағын таңдаңыз.
  • IPv6 басымдылығы таңдалған кезде, HTTP проксиді орнатуға болмайды.