Көмекші нұсқаулық

Photo Sharing Plus

Құрылғыларыңызды пайдаланып (мысалы смартфондар немесе пленшеттерді), фотосуреттерді теледидарға жалғауға, көшіруге немесе теледидардан көруге болады.

HOME түймесін басыңыз [Қолданбалар] астындағы [Photo Sharing Plus] таңдаңыз.

Ескертпе
  • Құрылғыңызды теледидарға жалғау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  • Барлық қосылымдар жасалып болғаннан кейін құрылғыдан веб-браузерді ашыңыз, содан соң URL мекенжайы бойынша өту үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Теледидарда фото көрсету

  1. Бастау үшін құрылғыңызды түртіңіз.
  2. Фотосуретті таңдаңыз.
    Таңдалған фотосурет автоматты түрде ТД-да көрсетіледі.

Теледидарда көрсетілген фотоны сақтау

  1. Құрылғыдағы шағын суретшелерді түртіп, мәтінмәндік мәзірді ашу үшін фотоны басып тұрыңыз.
  2. [ОК] таңдаңыз.
Ескертпе
  • ТД-ға бір уақытта 10 смартфон немесе планшет жалғауға болады.
  • Әр фотоның максималды өлшемі 10 MБ.
  • Максималды өлшемі 30 Мб болатын фондық музыканы лақтыра аласыз.
  • Android 2.3 немесе кейінгі нұсқасы үшін әдепкі браузерге қолдау көрсетіледі.
  • iOS үшін әдепкі браузерге қолдау көрсетіледі; алайда, кейбір функцияларды iOS нұсқасына байланысты пайдалану мүмкін емес.